Қазақстан 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары жөніндегі 2,4 миллионнан астам архив карточкасынан құпия белгісін алып тастады. Мұны 18 қыркүйекте Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
- Арнайы қоныс аударылғандар бойынша 251 мың құжат Қазақстан президенті архивіне өткізілді. 265 мың құжат жыл соңына дейін беріледі. Арнайы қоныс аударылғандар мен айдауға жіберілгендер және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың арасынан 311 мың адам ақталды,- дейді баспасөз қызметі.
2020 жылы Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы мемлекеттік комиссия құрылған.
Комиссияның 2020 жылы 3 желтоқсанда өткен алғашқы отырысында сол кездегі төрағасы Қырымбек Көшербаев "совет кезеңіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына байланысты тарихи әділет қалпына келтірілетінін" айтқан.
Қазақстан белсенділері мен құқық қорғаушылары қазіргі Қазақстан да саяси қуғын-сүргін бар деп санайды. Билік оны теріске шығарады.
ПІКІРЛЕР