Accessibility links

Reuters Газада кепілде отырғандар жөнінде келіссөз тоқтағанын хабарлады


Газа секторы
Газа секторы

АҚШ пен Еуропа одағы террор ұйым деп таныған Палестинаның радикалды ХАМАС тобы Газа секторында кепілде отырған Израиль азаматтарын босату жөніндегі келіссөз тоқтағанын хабарлады. Оған Әл-Шифа ауруханасы маңындағы атыс себеп болған деген Reuters Палестина шенеунігіне сілтеме жасаған.

NBC News Ақ үйге сілтей отырып, Израиль кепілде отырған 80 әйел мен баланы Израиль түрмесіндегі Палестина әйелдері мен жасөспірімдеріне айырбастау жөнінде ХАМАС-пен келісімге келуге тырысып отыр.

NBC News сөйлескен дереккөз Израиль қанша адамды түрмеден шығарғалы отырғанын нақтыламаған.

Израиль әскері 12 қарашада аурухана маңында әскери операция өткізгенін растаған. Израиль ХАМАС аурухананы жер астындағы командалық пунктке қалқан ретінде пайдаланып отыр. ХАМАС оны теріске шығарған.

Иранның Tasnim агенттігі электрді ажыратқан соң ауруханадағы бірнеше пациент кислород жетпей өлгенін хабарлаған. Израиль әскерінің айтуынша, аурухананың шығыс бөлігі ашық. Израиль әскері балаларды эвакуациялауға дайын екенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG