Accessibility links

Тергеу соты журналист Думан Мұхаммедкәрімнің қамау мерзімін бір айға созды


"Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деп айыпталып, 25 күнге қамалған Думан Мұхаммедкәрімнің босап шыққан сәті. Алматы облысы, 26 мамыр 2023 жыл.
"Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деп айыпталып, 25 күнге қамалған Думан Мұхаммедкәрімнің босап шыққан сәті. Алматы облысы, 26 мамыр 2023 жыл.

17 қарашада тергеу соты журналист Думан Мұхаммедкәрімнің қамау мерзімін тағы бір айға созды. Бұл жөнінде адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

"Қамау мерзімін ұзартуға куәгерлерден жауап алу аяқталмауы негіз болған. Ал істе олардың жалпы саны – 207 адам. 14 адамнан әлі жауап алынбаған. Тергеу болжамынша, бұл адамдар "Ne Deidi" YouTube-арнасындағы жарияланым үшін Әблязовқа ақша аударған-мыс" деді Ғалым Нұрпейісов.

Оның сөзінен Respublika басылымы үзінді келтіреді.

Осы аптада журналистің ісі бойынша тергеу бір айға созылғаны белгілі болған еді.

Билікті сынаған журналист Думан Мұхаммедкәрім “тыйым салынған ұйым ісіне араласу” және “экстремизмді қаржыландыру” баптары бойынша күдікке ілінген. Оған мұндай айыптың тағылуына қуғындағы экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты түрткі болған.

Журналист маусымнан бері тергеу абақтысында отыр.

Қазақстандық құқық қорғаушылар журналисті "саяси тұтқындар" тізіміне енгізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG