Accessibility links

"Крокустан" соң еліне қайтқан тәжік мигранттары. Душанбе неге алаңдап отыр?


“Крокус Сити Холл” концерт залына жасалған шабуылдан кейін Ресейде ксенофобиялық көңіл-күй өршіді. Орталық Азия мигранттары, соның ішінде тәжік азаматтары бұдан қатты жапа шекті.
“Крокус Сити Холл” концерт залына жасалған шабуылдан кейін Ресейде ксенофобиялық көңіл-күй өршіді. Орталық Азия мигранттары, соның ішінде тәжік азаматтары бұдан қатты жапа шекті.

Ресейде жұмыс істейтін тәжік мигранттар елде қалған отбасын асырап, Тәжікстандағы саяси ахуал мен авторитар режимнің тұрақтылығын сақтап отыр. Өткен айда Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залына жасалған шабуылдан кейін Ресейде ксенофобиялық көңіл-күй өршіп, бұл – тәжік мигранттарына теріс әсер етті. Жағдай Тәжікстандағы тұрақтылыққа да ықпал етіп отыр.

Тәжікстан астанасы Душанбеде жүріп, елдегі 10 миллион халықтың Ресейдегі еңбек миграциясына қаншалық тәуелді екенін аңғару қиын емес.

Мұны таксиде отырып-ақ түсіндім.

Дәмханадағы сұхбатыма апарып тастаған бірінші жүргізуші – 60 жас шамасындағы, жақсы киінген кісі. Ол 20 жыл Ресейде жұмыс істеген.

Жақында кенже ұлын үйлендірген. Тойды ешкімге қарызданбай жасаған. Тәжіктер үшін бұл – сирек құбылыс. Қазір үйде бос отырмас үшін адам тасып, таксиді ермек қылады. Тәжікстаннан азаматтық соғыс кезінде кетіп, ұзақ жыл Ресейде еңбек еткен жүргізуші қазір туған елінде қамсыз таксилетіп жүр.

Қайтар жолда алып кеткен жүргізуші дәл мұндай қамсыз көрінбеді.

Екінші жүргізуші жақында ғана мектеп бітірген түлек үшін үлкен көрінеді. Көзі шүңірейген, арық жігіт жалақысы 100 доллардан аспайтын Тәжікстаннан кеткісі келеді. Бір досы Мәскеудің іргесіндегі зауытқа жұмысқа тұрғызуға уәде берген.

Жаппай еңбек миграциясы әсерінен, көп тәжік азаматы маусымға байланысты, айлап, кейде тіпті, жылдап отбасын көрмейді.

Бірақ авторитар, жемқор, елдегі жұмыссыздық мәселесін шешуге қауқарсыз Тәжікстан жүйесін шетелде жүрген 1 миллион мигранттың ай сайын үйге жіберетін ақшасы құтқарып отыр.

Бірақ кейде мигранттар елге оралып, тәжік отбасылар күнкөріс көзінен айырылып қалады.

Өткен айда Ресейде 2004 жылдан бері тіркелген ең үлкен теракт болды. 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залына шабуыл жасалып, салдарынан 145 адам қаза тапты.

Бұл терактіні "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы өз мойнына алған. Ресейде шабуылға қатысы бар деген күдікпен 10 тәжік азаматы ұсталды. Төртеуі – жаппай атыс ұйымдастырып, кісі өлтірді деп айыпталып отыр. Оларды сот залына азапталған күйде алып келді.

Тәжік азаматы Якубджон Юсуфзода -- "Крокусқа" шабуылдау ісі бойынша күдіктілердің бірі. Басман аудандық соты, Мәскеу. 1 сәуір 2024 жыл.
Тәжік азаматы Якубджон Юсуфзода -- "Крокусқа" шабуылдау ісі бойынша күдіктілердің бірі. Басман аудандық соты, Мәскеу. 1 сәуір 2024 жыл.

Осыдан кейін Ресейде көші-қон саясаты қиындап, Орталық Азия тұрғындарын, оның ішінде тәжіктерді қорқытып-үркіту, себепсіз ұстау мен дискриминация көбейді.

Терактінің тағы бір салдары: тәжік азаматтарының "Ислам мемлекеті" тобына қосылып, Ресейде шабуыл ұйымдастыруы басқа мемлекеттердің тәжіктер азаматтарына қатысты көші-қон саясатын қатаңдатады. Бұл оларды Ресейге одан әрі тәуелді етеді.

Мәселен, Түркия 2018 жылы енгізілген 90 күндік визасыз режимді алып тастады.

Тәжікстан үкіметі Анкара 20 сәуірден бастап күшіне енетін шешімі туралы ресми хабар берген жоқ деп мәлімдеді.

Кей ресейліктер виза режимін қайта енгізуді талап етіп отыр. Әзірге Мәскеудің қандай шешімге келері белгісіз.

Берлиндегі Карнеги орталығының ғылыми қызметкері Темур Умаров бұл одақтас мемлекеттер мәртебесімен және Ресей экономикасына жұмыс күшінің жетпеуімен байланысты дейді.

– Миграцияға тәуелділік екі жақтан да бар. Ресей Тәжікстан мен басқа Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық және саяси тұрақтылығы үшін миграция керегін біледі. "Крокус Сити Холға" жасалған шабуылдан кейін мигранттардың ақша аударымдары қысқаруы мүмкін, бірақ бұл уақытша құбылыс болады, – дейді Умаров.

Әзірге қанша тәжік азаматының үйіне оралғаны белгісіз. Кейінгі кезде Ресейде адамдардың тәжік жүргізушілердің қызметінен бас тартып, полиция мен көшедегі кісілер мигранттарды ұрып-соғып жатқаны туралы хабар тараған.

Азаттықтың Тәжік қызметі сөйлескен бірнеше азамат Ресейге кіре алмағанын, себепсіз депортацияланғанын айтады.

ТӘЖІК ЭКОНОМИКАСЫ МИГРАНТТАРҒА ҚАНШАЛЫҚ ТӘУЕЛДІ?

30 наурызда Тәжікстан еңбек министрінің орынбасары Шахноза Нодири дискриминация салдарынан Ресейден кеткісі келетін тәжік азаматтарынан көп қоңырау түскенін растады.

– Қазір жағдайды бақылап отырмыз. Ресейге кеткендерге қарағанда, елге оралғандар әлдеқайда көп, – деді ол ресейлік ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында.

9 сәуірде Тәжікстанның еңбек министрлігі жергілікті басылымда Ресейдің 8 компаниясында 3 мыңға жуық бос жұмыс орны барын жазды. Бұл Тәжікстан билігінің соңғы жағдайларға алаңдап отырғанын көрсетсе керек.

Министрлік жанында азаматтарды шетелде жұмысқа тұрғызу жөніндегі агенттік бар. Ведомство дерегінше, осы агенттік көмегімен жұмысқа тұрған азаматтардың келісімшарт мерзімі аяқталғанша, құқықтары мен мүдделері қорғалады.

Эмомали Рахмон
Эмомали Рахмон

Авторитар президент Эмомали Рахмон 9 сәуірде халықты Айт мерекесімен құттықтап, бейбітшілік пен тұрақтылық жайлы көп айтты.

Рахмон тәжіктерді шиеленіс өршіп тұрған тұста мұқият болуға шақырды.

– Қазіргідей қиын әрі қауіпті жағдайда өз азаматтарымыздың ғаламдық текетіреске қатысы бар топтардың қолындағы ойыншыққа айналуына жол бермеуіміз керек, – деді Рахмон.

Тәжікстанда Ресейге жаппай миграция Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен ертерек басталған. 1992 жылы тәуелсіздігін енді ғана алған Тәжікстанда азамат соғысы болды.

Ресей ішкі істер министрлігінің дерегінше, 2021 жылы Ресейге 3 миллион тәжік кірген. Бұл – рекорд. Ведомство 2,4 миллион адам Ресейге келу мақсатын жұмыс деп көрсеткенін айтады.

Тәжікстан биылғы ақша аударымдары туралы дерек жарияламады. Бірақ жалпы ішкі өнімге шаққанда, Тәжікстан әлі де сырттан келетін ақша аударымдарына тәуелді ел болып қалып отыр. Бұрын Тәжікстанның орнында Қырғызстан мен Непал болған.

Экономистер ақша аударымдары экспорт көлемінен асып кетсе, экономика сыртқы әсерлерге төтеп бере алмайтын күйге жетеді дейді.

Тәжікстандағы негізгі ақша аударымдары Ресейден келеді. Ресей экономикасы да бұған дейін шикізат бағасының төмендеуі, Украинаға қарсы соғыс ашқаны үшін салыған санкциялар әсерінен зардап шекті. Бұл өз кезегінде ай сайынғы ақша аударымдарының азаюына алып келді.

Умаров ақша аударымдарының тұрақтылығына ұзақ мерзімде Ресейдегі ықтимал экономикалық құлдыраулар әсер етеді дейді.

Осындай үлкен сынақтардың бірі – коронавирус пандемиясы. Ол кезде Орталық Азиядан келген жүздеген мың мигрант тамақ пен пәтер жалдауға ақшасы болмай, туған үйлеріне орала алмай, Ресейде қалып қойды.

Ресей Орталық банкінің дерегінше, 2020 жылдың алғашқы 9 айында Тәжікстанға ақша аударымдары 37 пайызға қысқарған. Тәжікстан Орталық банкі бұл көрсеткіш 9 пайыз дейді.

Ресейге баруды ойлап жүрген тәжіктер үшін соғыс жаңа басталған кезбен салыстырғанда, қазіргі ахуал әлдеқайда жақсы.

Азаттық есебі бойынша, кейіпгі аптада тәжік мигранттарды қодаушылар көбейген.

Шенеуніктердің де мәлімдемелері жұмсара бастады.

Терактіден кейін мемлекеттік дума депутаты тәжіктерге виза енгізуді ұсынған еді. Ресей қауіпсіздік кеңесінің басшысы Николай Патрушев өткен аптада "Украина тәжік содырларын Ресейге қарсы күреске жалдаған" деді.

Бұл апта ресейлік жоғары шенді шенеуніктер тарапынан тәжіктерге қарсы мәлімдеме болмады. Төтенше жағдайлар министрлігі Ор қалалық басқармасының өкілі Ирина Панаистова 10 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмектескен жергілікті тәжік диаспорасына алғыс білдірді.

Бірақ Ресей баспасөзінде Панаистованың сөзі кең тараған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG