"Сорбұлақ қашан тасиды" деп отырғанша оны біртіндеп жоюдың амалдарын қарастыру керек деген су маманы оның жолын да ұсынады. Eco Kundelik-тің кезекті эпизодында республикадағы су тазарту ғимараттарының ахуалы, олардың жерасты суының сапасына қатысы мәселесін талқыладық.
Кәріз суын тазарту: 21 ғасыр технология көзімен
"Сорбұлақ – бұл ескі әдіс. Қазір технология кәріз суын ішетін су сапасына дейін тазарта алатындай деңгейге жетті" дейді су маманы Қайрат Оспанов. "Суды пайдаландыңыз, оны табиғатқа қайтару керек. Ал қазір қайтарудан гөрі ластау жылдам жүріп жатыр. Мұндайда су тапшылығы туындауы заңды" дейді маман.