Accessibility links

Байден мен Макрон ресейлік активтерді Украинаға беру идеясын қолдады


АҚШ жәнее Франция президенттері Джо Байден мен Эммануэль Макрон тыйым салынған ресейлік активтерден түскен кірісті пайдалану идеясын қолдады. Екі ел басшысының Париждегі кездесуінен кейін жасаған ортақ мәлімдемесін Ақ үй жариялады.

"Президенттер Еуроодақ пен "Үлкен жетіліктің" тыйым салынған ресейлік суверенді активтерден түскен кірісті халықаралық құқық аясында Украинаға беру туралы талпынысын қолдауға уәде берді" деп жазылған мәлімдемеде.

Байден мен Макрон Украинаны қолдаудың өзге де амал-тәсілдерін талқылады. Атап айтқанда, АҚШ пен Франция Киевке әскери қимылдың нәтижесінен туындаған гуманитарлық проблемаларды шешу жағынан көмектесуге ынта білдірді, бұған қоса оның ғаламдық азық-түлік тұрақтылығы, энергетика, қоршаған орта және ядролық қауіпсіздікке әсерін азайту амалдарын да сөз етті.

Екі елдің басшылары мәлімдемелерінде Иран мен Солттүстік Кореяның қару-жарақ жағынан Ресейге көмектесіп отырғанын еске салған. Одан бөлек, Мәскеу Қытайдың "қос мақсаттағы материалдары мен бөлшектерін" әскери өндірісте қолданып отырғанын атап көрсеткен.

Украина аумағында соғыс басталғалы бері Еуроодақ пен G7 елдері Ресей банкінің шамамен 280 млрд долларын бұғаттаған.

Мамырдың соңында өткен "Үлкен жетілік" елдерінің кездесуі кезінде тараптар қаражатты Украинаға беру схемасы бойынша ортақ қорытындыға келе алмады. G7 елдерінің қаржы министрлері құқықтық база әзірге жасақталмағанын мойындады. Бұған қоса, активтерді беру әлемнің халықаралық қаржы жүйесіне қатер төндіруі мүмкін деп санайды.

Financial Times басылымының жазуынша, ЕО-ның қаражатты Киевке беру туралы бастамасына Венгрия қарсы шыққан. Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан АҚШ Украинаға 40 млрд доллар қаражатты қарызға береді, ал оған кепілдікті Еуропа береді деп шамданған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG