Accessibility links

Шешенстан билігін сынап жүрген блогер әкесі мен бауырының жоғалып кеткенін айтады


Хасан Халитов
Хасан Халитов

Шетелде тұратын шешенстандық блогер Хасан Халитов әкесі мен екі бауырының ұрланғанын мәлімдеді. Ол Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров жақындарын көптің алдында жазалай ма деп алаңдайды.

Халитовтің жақындары 28 маусымнан бері із-түэсіз кеткен. Сол күн Закан-Юрт ауылында тұратын әкесі үйінен шығып, қайтып келмеген. Ал бауырларын Грозныйға шақыртқан, содан бері хабар жоқ. Кейін бауырларының бірінің көлігін әкеп берген, бірақ ішінде ешкім болмаған.

Халитов бұған дейін Қадыровтың қызымен Шешенстандағы адам ұрлау оқиғалары жайлы сөйлеспек болған еді. Ол әкесі мен бауырының ұрланғанын осы жайтпен байланыстырады.

"Кейінгі кездері хабар-ошарсыз кеткендердің тағдыры жайлы білуге тырыстым. Менде Қадыровтың қызы Айшаттың (Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары) нөмері болған. Мен оған хабарласып ем, қателескенімді айтты. Дегенмен арнайы бағдарламалар арқылы тексергенімде бұл нөмер оның есіміне жазылғанын көруге болады" деген еді Халитов Кавказ.Реалии сайтына.

Айшат Қадыровамен болған бұл әңгіменің жазбасын блогер Youtube-арнасына жариялаған. Бірақ видеода телефон нөмір көрініп тұрғандықтан Youtube оны өшіріп тастаған. Халитов видеоны қайта жүктегеннен кейін Қадыровтың ұлы Адам Қадыров хабарласып, қорқытқан.

"Бұған дейін жақындарым мен қарт әкемді алып кетіп, әдетте сол күні қайтаратын. Қазір әкем де, бауырларым да бірнеше күннен бері жоқ, олардың қайда екені де белгісіз. Бұған дейін Қадыровтың адамдарды кісі ұрлап, белгілі бір бейнежазбаны алып таста деген сияқты шарт қоятын. Бұл жолы не хабар да, не шарт та жоқ" дейді Халитов.

Ол жақындарына терроризмге қатысты ауыр іс қозғай ма деп алаңдайды.

Шешенстан билігі мен жергілікті құқық қорғау органдары Халитовтың бұл мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген жоқ.

2022 жылы сәуірде Хасан Хаитовтың бауырларын Украинаға соғысқа жіберген. Оның алдында блогер Шешенстан билігі сынауды тоқтатуды талап етіп, қарындасының жалаңаш суретін жібергенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG