Accessibility links

Днепрде қаралы күн. Ресей шабуылынан қалада алты адам қаза тапты


Днепрдегі шабуылдың салдары, 3 шілде 2024 жыл.
Днепрдегі шабуылдың салдары, 3 шілде 2024 жыл.

3 шілдеде Ресей шабуылынан Днепрде алты адам қаза тапты. Бұл туралы Днепропетровск облысының әскери әкімшілігінің жетекшісі Сергей Лысак хабарлады. 53 адам зардап шеккен, төртеуінің жағдайы ауыр.

Днепр билігінің ақпаратынша, Ресей армиясы қаланы ракеталармен атқылап, дрондармен шабуыл жасаған. Бірнеше жерде өрт шыққан, көліктерге, ғимараттар мен жанармай құятын станцияға зақым келген. Үш мектеп пен үш балабақшаның терезелері шағылып, сырт жағы бүлінген. Балалар мен мекеме қызметкерлері бас сауғалайтын орында болған деп хабарлады "Суспильне" сайты.

Шабуылдан қаза тапқандарға байланысты 4 шілде Днепрде қаралы күн деп жарияланды. Ресей билігі соққы бойынша пікір білдірмеді.

  • 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украинаға қарсы кең көлемді соғыс бастады. БҰҰ мәліметінше, екі жылда Украинада он мыңнан астам адам қаза тауып, жиырма мыңға жуық адам жараланған. БҰҰ Ресей әскерінің бейбіт тұрғындарды өлтіру, ұрлау, азаптау, қатыгездік көрсету іс-әрекеттеріне қатысты істерді құжатқа түсірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG