Accessibility links

Тоқаев құмар ойындарды, бәс тігу мен лотереяны, энергетикалық сусын саудасын реттейтін заңға қол қойды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ойын бизнесі, бәс тігу, лотерея қызметін, энергетикалық сусын саудасын заңға қол қойды. Бұл туралы 8 шілдеде Ақорда хабарлады.

Заңға сай, енді Борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған тұлғаларға құмар ойындар ойнауға, бәс тігуге тыйым салынады.

Сондай-ақ жемқорлық фактісін болдырмас мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметкерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, бюджеттік ұйымдардың басшыларына құмар ойындар ойнауына, бәс тігуіне шектеу қойылады. Бұл шектеуді сақтамағаны үшін олар жұмыстан шығарылуы мүмкін.

Жаңа заңда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына да шектеу қойылды.

Яғни, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды көшедегі бильбордтарда көлік құралдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кинода, видеода және анықтамалық қызмет көрсету орындарында жарнамалауға тыйым салынады.

"Тек букмекерлік кеңсе немесе тотализатор орналасқан жердегі сыртқы жарнамаға; спорт ғимараттарының ішінде және спортшылардың киімінде, спорттық тақырыпқа маманданған БАҚ-та, сондай-ақ отандық телеарналар халықаралық спорттық жарыстарды тікелей трансляция жасаған кезде жарнамалауға рұқсат етіледі" деп мәлімдеді Ақорда.

Енді тұрғын үйлерде, жатақханаларда, ғибадат үйлерінде, мәдениет ұйымдарының ғимараттары мен құрылыстарында, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде, сондай-ақ олардан жүз метр қашықтықтағы радиуста лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынады.

Жас балалардың денсаулығын қорғау үшін энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынады.

Билік осы заң арқылы халықтың ойынға, лотереяға, бәс тігуге тәуелділігін төмендетуді көздейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG