Accessibility links

АҚШ-та Ресей әскеріне көмектесті деп айыпталған тәжік азаматы кінәсін мойындады


Салимжон Насриддинов
Салимжон Насриддинов

Көп жылдардан бері АҚШ-та тұрып келген тәжікстандық, 53 жастағы Салимжон Насриддинов (оның Тәжікстан және Ресей азаматтығы бар) және оның әріптесі, 38 жастағы Николай Гольцев (Ресей және Канада азаматы) экспорттық бақылауды бұзғанын мойындады.

Олар санкцияны айналып өтіп, Ресей армиясының қажеттілігі үшін қолдануы мүмкін америкалық электрониканы тасымалдаған деп айыпталды. Бұл жөнінде АҚШ-тың әділет министрлігі мәлімдеді.

Бруклин федералдық сотының кезекті отырысында Насриддинов пен Гольцев ресейлік "Тесткомплект", "Радиавтоматика", "ЭКВ-Нева" және "Комтек" компаниялары үшін америкалық компаниялардан құрал-жабдықтарды сатып алып, делдал болғанын мойындады.

Америкалық ресми өкілдердің айтуынша, айыпталушылар сатып алған электрондық тетіктер кейін Украинада тәркіленген ресейлік әскери техникадан табылған.

АҚШ әділет министрлігі мәлімдегендей, Насриддинов пен Гольцев 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Азаттықтың Тәжік қызметінің жазуынша, Салимжон Насриддинов америкалық компаниялардан жабдықтарды және электрониканы сатып алу үшін 2021 жылы жазда Бруклинде SH Brothers Group (SH Брозерс Груп) компаниясын тіркеген.

Насриддинов 2023 жылы қаңтарда SN Electronics компаниясын құрып, оны әйелінің атына тіркеген.

Тауарларды Гонконг, Түркия және Біріккен Араб Эмираттарында орналасқан компаниялар арқылы Ресейге жөнелтіп отырған.

Салимжон Насриддинов Бруклиндегі "Тандури" мейрамханасының қожайыны екені айтылып келеді. Ол көп жылдар бойы Ресейде жұмыс істеп, Тәжікстандағы Рогун ГЭС-нің құрылысы үшін техникалар жеткізіп отыруға көмектескен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG