Accessibility links

Қырғызстан ҰҚМК басшысы "билікті басып алуды көздеген" топ туралы айтты


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Тәшиев
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Тәшиев

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Тәшиев билікті күшпен басып алуды көздеді деген күдікпен ұсталған топ туралы айтты.

«7-арнаға» берген сұхбатында Тәшиев арнайы операцияның барысы туралы баяндады.

Арнайы қызмет басшысының айтуынша, күдіктілер ұзақ уақыт бақылауда болған.

«Біз олар туралы толық мәлімет жинадық. Қару, әскери киім алып, дрон іздегенін, жарылғыш затты қолдан жасау әдісін үйренгісі келетінін білдік. Біз олардың қаруды қайдан сатып алып жүргенін, қайда жиналатынын анықтадық. Соның бәрін видеоға түсірдік. Бәрі дайын болған уақытта жігіттер оларды ұстады. Әскери киім киген олар халықты көтеріп, зорлық әрекетке итермелемек болған. Жымысқы әрекетін жүзеге асыра алған уақытта әскери киімдегілер үстіндегісін шешіп, халық жағына өттік деп мәлімдемек болған» дейді Тәшиев.

ҰҚМК шілденің басында Қырғызстанның бес азаматы билікті күшпен басып алуды жоспарлады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Сол кезде арнайы қызмет ұсталғандар "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып" елдегі ахуалды тұрақсыздандыруды көздегенін айтқан.

Мәліметке қарағанда, арнайы қызмет тінту жүргізіп, қару-жарақ, әскери киім, дрон және экстремистік әдебиет тәркілеген.

XS
SM
MD
LG