Accessibility links

NYT: Демократиялық партияның донорлары Байденнің сайлауға қатыспауын талап етіп, $90 млн қаражатты бұғаттап тастады


Джо Байден
Джо Байден

АҚШ-та демократиялық партияның бірнеше ірі доноры қазіргі президент Джо Байден кандидаттықтан бас тартқанға дейін 90 млн доллар қаражатты бұғаттап тастады. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген New York Times басылымы жазды.

Байденнің кампаниясын қайырымдылық қоры есебінен істейтін демократияшыл Future Forward тобы жүргізеді. Оның донорларының бірі NYT басылымына 81 жастағы Байденнің маусымның соңындағы сәтсіз дебатынан кейін оған және оның достарына ақша салу жөнінде ұсыныс жасағанда "одан бас тартқанын" айтқан. Аты-жөндерін айтпаған басылымның тағы екі дереккөзінің сөзінше, бұғатталған жарнада "бірнеше сегіз таңбалы чектер" де бар.

Future Forward "қазіргі бұлыңғыр ахуал" сейілгеннен кейін демеушілердің қайтып келетінін айтып, жарнаны бұғаттағаны туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартқан.

Байденді президент сайлауына қатыспауға үндеулер барған сайын жиілеп барады. Оны кандидаттықтан бас тартуға шақырғандар арасында конгрестегі бірқатар демократтар да бар. Байденнің өзі дебаттағы сәтсіздігін тұмау және жолдан қалжырап қалғандығымен түсіндірген. Ол өзін республикалық партия атынан сайлауға түсетін Дональд Трампты жеңе алатын ең мықты кандидатпын деп атаған.

NYT жазуынша, Future Forward тобымен байланысты сауалнама нәтижесі сайлаушылар арасында Байденнен гөрі демократтардан ұсынылуы мүмкін кез келген кандидатқа (вице-президент Камала Харрис, Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом немесе Мичиган губернаторы Гретхен Уитмер сайлаушылар) сайлаушылардың көзқарасы тәуірлеу екенін көрсеткен.

Дегенмен дебаттан кейін жүргізілген сауалнамалардың басым бөлігі Байден Трамптан жеңілетінін, алайда ол демократиялық партиядан ұсынылуы мүмкін өзге кандидаттарға қарағанда мықтырақ көрінетінін байқатқан. Тек мұның АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың әйелі Мишель Обамаға қатысы жоқ, бірақ ол сайлауға түскісі келетінін мәлімдеген жоқ.

АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада өтеді. Республикалық партия атынан оған бұрынғы президент Дональд Трамп қатысады. Байденнің кандидатурасы тамыз айында демократтар съезінде түпкілікті түрде ресми түрде бекітілу керек.

XS
SM
MD
LG