Accessibility links

Қырғызстанда сел ағызып әкеткен әйел мен үш қызының мәйіттері табылды. Тағы бір әйел іздестіріліп жатыр


Оштағы сел. Қырғызстан, 14 шілде 2024 жыл.
Оштағы сел. Қырғызстан, 14 шілде 2024 жыл.

14 шілдеде Қырғызстанның Ош облысында сел жүріп, 44 жастағы әйел мен оның 6, 10 және 19 жастағы үш қызын ағызып әкетті. Үш қыздың сүйегі Өзбекстан аумағындағы суару каналынан табылды. Ал олардың анасының мәйітін Өзбекстан шекарасынан 500 шақырым жердегі Ак-Буура өзенінен тапқан.

Азаттықтың Қырғыз қызметі сөйлескен марқұмдардың туыстары олардың таяуда ғана Ресейден келгенін, тамызда үлкен қызының тойын өткізуді жоспарлағанын айтты.

14 шілдеде олар отбасымен "Мол Бұлақ" демалыс орнына барған, анасы мен үш қызын сел ағызып әкеткен. Әкесі мен кенже ұлы зардап шекпеген.

Құтқарушылар тағы бір әйелді іздеп жатыр, ол да хабар-ошарсыз кеткен.

14 шілдедегі селден Ошта тағы бір адам мерт болды. Өзгүр ауылында қауіпті аймақтан адамдарды көшіруге көмектескен адам жүк көлігі астында қалған. Видеоларда ер адамның жүк көлігіне шыққаны көрінеді. Көлік өзеннен өтіп бара жатқанда ол құлап кетіп, дөңгелек астына түскен.

Құтқарушылар табиғи апат салдарынан Өзгүр ауылындағы Борубай-Ата демалыс орнынан 500-ден аса адамды қауіпсіз жерге көшірген.

Қырғызстан министрлер кабинетінің ақпаратынша, жыл басынан бері елде 230-дан аса сел жүріп, 17 адам қаза болған. 20 сәуір мен 1 шілде аралығында жүрген селдер 170 миллионнан астам сомға (2 миллион доллар) зиян келтірген деп хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG