Accessibility links

Бангладеште полициямен қақтығыста ондаған адам қаза болды, жүздеген адам жараланды


Даккадағы наразылықта тұтанған қақтығыс, шілде 2024 жыл
Даккадағы наразылықта тұтанған қақтығыс, шілде 2024 жыл

Бангладеш астанасы Даккада наразылыққа шыққан студенттер мен полиция арасында қақтығыс болып, ондаған адам қаза болды, жүздеген адам жараланды. Мемлекеттік BTV телекомпаниясының ғимараты өртке оранды деп жазды BBC сайты. Бангладеш билігі ғимаратты наразы студенттер өртегенін айтты.

Телекомпанияның Facebook-тағы ресми парақшасында ғимарат ішінде адамдар қалғаны, олардың сыртқа шыға алмай жатқаны жөнінде ақпарат пайда болды. BTV басшылары өрт қызметіне қайырылып, көмек сұрады.

Бангладеш ақпарат министрі хабар тарату тоқтағанын, қызметкерлердің басым бөлігі ғимараттан шығып кеткенін хабарлады.

Студенттер жүйені өзгертуді талап етіп, көшеге шыққан. Олардың сөзінше, мемлекеттік сектордағы жұмыс орындарының үштен бірін Пәкістан тәуелсіздігі үшін соғыс ардагерлерінің туыстары иеленген.

Бейсенбі күні билік тұтас ел аумағында мобильді интернетті өшіріп, наразылық акциясының жайылуына бөгет жасады. Полиция көшеде топтасып, тізбек құрған студенттерге жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ қолданды.

BTV өкілі телекомпанияның ғимаратына басып кірген студенттерді бұған дейін полиция учаскелерін өртеген деп айыптады.

XS
SM
MD
LG