Accessibility links

Алғашқы сауалнама: Харрис Трамптан алда келеді


АҚШ-тың вице-президенті және демократиялық партия атынан президент сайлауына түсетін Камала Харрис
АҚШ-тың вице-президенті және демократиялық партия атынан президент сайлауына түсетін Камала Харрис

АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис республикалық партиядан президент сайлауына қатысатын Дональд Трамптан 2% алда келеді. Reuters пен Ipsos компаниясы жүргізген сауалнама қорытындысы осыны көрсеткен. Харристі - респонденттердің 44%-ы, Трампты 42% қолдаған. Сауалнама 22-23 шілдеде жүргізілген.

Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 56 пайызы 59 жастағы Камала Харрис "ұшқыр ойлы, қиындықтарды жеңе білетін" саясаткер деген тұжырыммен келіскен. Сауалнамаға қатысқандардың 49 пайызы 78 жастағы Дональд Трамп жөнінде солай жауап берген.

Демократтарды жақтайтын сайлаушылардың 91% Харрис жөнінде оң пікірде. Сауалнамаға қатысқандардың төрттен үші демократтар оның кандидатурасын қолдауға тиіс деп санайды. Төрттен бірі демократтар атынан президент сайлауына қатысатын кандидаттыққа бірнеше адам таласуы керек деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG