Accessibility links

Ресей әскері Харьковқа ракетамен шабуыл жасады. Бір адам қаза болды


Ресей әскері 24 шілдеде Харьковқа соққы жасады. Бір адам қаза болды деп хабарлады қаланың мэрі Игорь Терехов. Әзірге толық емес мәлімет бойынша, Харьковқа С-300 ракеталарымен соққы жасалған.

Тереховтің сөзінше, бірінші соққы қаладағы өнеркәсіп аймақтарына тиген. Зардап шеккендер анықталып жатыр.

"Суспільне Харків" арнасының жазуынша, соққының нәтижесінде минадан тазартаумен айналысатын швейцариялық қайырымдылық қорының ғимараты бұзылған. Ұйымның қызметкерлері пайдаланатын кемінде алты көлік бүлінген. Ғимараттың өзінде бірнеше қабат қираған.

Харьков мэрінің жазуынша, екінші соққы қаладағы жекеменшік сектор шоғырланған ауданға тиген.

"Бір үйден өрт шықты. Бір адам қаза болғаны туралы ақпарат бар" деп жазылған оның телеграмдағы парақшасында.

Ресей шекарасынан шамамен 40 шақырым жерде орналасқан Харьковқа шабуыл биыл үдеді. Ресе әскерінің соққысының салдарынан қалада энергетика инфрақұрылымы бір істеп, бір істемей тұр.

Сәрсенбіге қараған түні Ресей әскері Одесса облысының Измаил ауданын дронмен шабуылдаған.

Соның нәтижесінде Измаилдағы бес қабатты үйге дрон тиіп, екі адам ауруханаға түскен.

Облыстың әскери әкімшілігі Олег Кипер дрон шабуылының салдарынан порт маңындағы бірнеше инфрақұрылым қирап, өрт болғанын айтты.

Украинаның қарулы күштерінің хабарлауынша, сәрсенбіге қараған түні Ресей әскері Украина аймақтарына екі ракета және 23 дрон жіберген. Әуе қорғаныс күштері 17 дронды атып түсірген.

Ресей әскері Харьков пен Одесса облыстарына жасаған шабуылына түсініктеме бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG