Accessibility links

Зейнетақы жинағындағы ақша тіс емдеу үшін берілмеуі мүмкін


Денсаулық сақтау министрлігі тіс емдеу үшін зейнетақы қордағы ақшаны шешіп алуды тоқтата тұруды ұсынды. Мұндай бұйрық жобасы ашық үкімет сайтында жарияланды.

Жобаны талқылау 7 тамызға дейін жалғасады. Онда тіс емдеу үшін зейнетақы жинағындағы ақшану алуды 10 тамыздан келесі жылдың 1 ақпанына дейін тоқтата тұру ұсынылған.

Министрлік бұл ұсынысты біріңғай зейнетақы төлемі, "Отбасы банк" операторлары ақшаның мақсатсыз жұмсалып жатқанын анықтағанымен байланыстырады.

"Банк мәліметінше, қызметтік тексеріс барысында зейнетақы қорынан алынған қаржының шын мәнінде емделу мақсатында жұмсалмағаны анықталған", - деп жазылған денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.

Егер бұйрық мақұлданса, құжат күшіне енеді. Ал "Отбасы банк" жарты жыл ішінде зейнетақы төлемдерін мақсатсыз пайдалану жолын кесіп, ашықтықты қамтамасыз етуі тиіс деп айтылады.

2021 жылдан бері зейнетақым салымшыларына белгілі бір межеден асқан соманы үй алуға, емделуге шешіп алуға рұқсат берілген. Бұл сол кезде елдегі үй бағасының қымбаттауына алып келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG