Accessibility links

Камала Харристің алғашқы сайлауалды видеосы жарияланды


Камала Харрис
Камала Харрис

АҚШ-тың вице-президенті, Демократиялық партия атынан президент сайлауына қатысуы мүмкін Камала Харрис сайлауалды алғашқы видеосын жариялады. Бір минуттық роликте қару-жарақ, түсік жасату құқығы және медициналық сақтандыру жайында айтылған.

Видеоның басты тақырыбы – "еркіндікке" шақыру (видеороликте "бостандық" сөзі 12 рет айтылған).

Вице-президент қару-жараққа қатысты күш қолданудан арылуға шақырды. Ол сонымен бірге адам өзінің тәнінің қожайыны екенін еске салды. Харрис бірде-бір бала кедейшілікте өмір сүрмейтін, әрбірі медициналық көмекті ала алатын болашақты таңдайтынын мәлімдеді.

Трамп жақтастары Харристі радикалды солшыл идеологиямен ойнап отыр деп айыптады. Трамп New York Post басылымына берген сұхбатында Харристі "ойсыз, зәрлі" деп айыптаған.

Камала Харрис президенттікке үміткер ретіндегі алғашқы сөзінде Дональд Трампты жеңуге уәде берген.

Соңғы сауалнамалар бірде-бір кандидаттың басымдыққа ие емес екенін көрсеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG