Accessibility links

Ресей кемесі Финляндияның теңіз шекарасын бұзды


Балтық теңізіндегі ресейлік кемелердің әскери жаттығуы.
Балтық теңізіндегі ресейлік кемелердің әскери жаттығуы.

Ресей кемесі Финляндияның теңіз шекарасын бұзды. Финляндия үкіметінің хабарлауынша, оқиға 26 шілде Фин шығанағының шығыс жағалауында болған. Бұл жөнінде Reuters жазды.

Шекаралық корабль Ресей кемесін Финляндияның теңіз аумағынан алып кеткен. Оқиға шамамен 7 минутқа созылған.

Шекаралық күзет қызметі оқиғаны зерттеп, қосымша ақпарат береді деді Финляндияның қорғаныс министрлігі.

Шекара қызметінің бас тергеушісі Петтер Стауффердің сөзіне сүйенген Helsingin Sanomat басылымы шекараны Балтық флотына кіретін және теңіз табанын барлауға арналған Ресей кемесі бұзғанын жазды.

Өткен айда Финляндия төрт ресейлік әскери ұшақ 10 маусымда елдің әуе кеңістігін бұзғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG