Accessibility links

Ресейдің Волгоград облысында Су-34 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады


Су-34 ұшағы.
Су-34 ұшағы.

Сенбі күні Ресейдің Волгоград облысында Су-34 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ол жоспарлы жаттығу кезінде құлаған.

"Экипаж ұшақтан катапульт арқылы секіріп кеткен, олардың өміріне қауіп жоқ. Ұшақ елді мекеннен тыс жерге құлады, ештеңе қираған жоқ" деді ведомство.

Олардың айтуынша, ұшақта қару болмаған, алдын ала ақпарат бойынша, ұшақты құлауына техникалық ақау себеп.

Бұл жаз басталғалы бері екінші апат. Маусымда Солтүстік Осетияда Су-34 жойғыш ұшағы апатқа ұшыраған. Ол оқиға да жаттығу кезінде болғаны хабарланған. Ол кезде экипаждың барлық мүшелері опат болды. Ресей қорғаныс министрлігінің айтуынша, техникалық ақаудың салдарынан ұшақ құлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG