Accessibility links

АҚШ Украинаға тағы көмек бөлді


АҚШ-тың Patriot зымыран кешені.
АҚШ-тың Patriot зымыран кешені.

АҚШ билігі Украинаға 200 млн және 1,5 млрд долларға тең екі жаңа әскери көмек жібермек.

Біріншісі туралы дүйсенбіде Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік саласындағы коммуникация бойынша үйлестірушісі Джон Кирби хабарлады. Көмек ретінде әуе шабуылынан қорғайтын құралдар, HIMARS-қа арналған оқ-дәрі, миномет снарядтары, танкіні жоюға арналған Javelin ракеталары бар. Мұның бәрі АҚШ президентінің қару-жарақты азайту жөніндегі өкілеттігі бойынша беріледі, Украинаға көмек тікелей Америка әскерінің қоймаларынан алынады.

Екіншісі туралы АҚШ қорғаныс министрлігі хабарлады. Қымбат көмек қару өндірушілермен ұзақ мерзімге келісімшарт жасасуды көздейтін Украина қауіпсіздігіне көмектесу бастамасы (USAI, Ukraine Security Assistance Initiative) аясында жеткізіледі.

Көмекте әуе қорғанысын күшейтетін құралдар, бұған дейін берілген техникаға арналған құралдар, қысқа және орта қашықтағы әуе шабуылына қарсы құралдар және оларға ракеталар, HIMARS және NASAMS қаруларына арналған оқ-дәрі, дәлдігі жоғары авиация оқ-дәрілері, артиллерия снарядтары мен миналар бар.

Украинада соғыс басталғалы бері АҚШ Киевке әскери көмекке 55 млрд доллардан аса қаржы бөлген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG