Ақтөбе облысында бір ер адам мен үш бала суға батып кетті деп хабарлады жергілікті төтенше жағдай департаметіне сүйенген "Диапазон" басылымы. Оқиға 2 тамызда Жүргенов ауылында болған.
Ырғыз өзеніне 13,11, 7 жастағы үш бала және оларды құтқармақ болған 39 жастағы ер адам батып кеткен. Басылымның жазуынша, суға батқан балалар ер адамның балалары мен туыстары болған. Төтенше жағдай департаменті балалар өзенде ата-аналарымен бірге болғанын айтты.
Оларды іздеумен құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар айналысқан. Олардың денелері шығарылған.
Биыл жазда Қазақстанның өзге өңірлерінде де осыған ұқсас оқиғалар болған.
Бір күн бұрын Атырау қаласы маңындағы ауылдардың бірінде бірнеше күн бұрын Жайық өзеніне батып кеткен қыз баланың денесі табылды.
Құтқарушылар оны оқиға болған Құрманғазы ауылы тұсынан 3 тамыз күні кешке тауып, судан шығарған.
1 тамызда қала маңындағы осы ауылда бір үйдің екі баласы - 2015 жылғы қыз бала мен 2017 жылғы ұл бала суға батып кеткен. Баланың денесі 2 тамыз күні таңертең табылды.
Сол күні таңертең Атырау облысындағы Хиуаз Доспанова ауылында Шарон өзеніне 1 тамыз күні батып кеткен 14 жастағы баланың денесі де судан шығарылды.
Шілдеде Атырауда төрт бала Жайыққа батып кеткен еді.
(Жаңалықты әзірлеуге Айнұр Сапарова да қатысты).