Accessibility links

Волгоград облысында тұтқындар қатаң режимдегі колонияны басып алды


ИК-19 түрмесі. Көрнекі сурет.
ИК-19 түрмесі. Көрнекі сурет.

Ресейдің Волгоград облысында тұтқындар №19 қатаң режимдегі колонияны басып алды. Онда тәртіптік комиссия отырысы өтіп жатқан. Бірнеше адам қаза болғаны хабарланды. Бұл жөнінде жазаны атқару федералдық қызметіне (ФСИН) сүйенген “РИА Новости” агенттігі жазды.

Күштік құрылымдарға жақын Baza телеграм-арнасының жазуынша, ФСИН-нің кемінде бір қызметкері қаза болған, бірнеше адам жараланған.

Baza-ның алдын ала мәліметі бойынша, шабуылдаушылар өздерінің тыйым салынған “Ислам мемлекеті” ұйымына мүше екендіктерін айтқан. Әзірге бұл ақпарат ресми түрде расталмады.

Колония бастығы Андрей Девятов реанимацияда. Тұтқындар кепілдікке алған бес адам, арасында колония бастығы да бар, қашып шыққан.

Күштік құрылымдарға жақын телеграм-арналар колонияда түсірілгенге ұқсайтын видеоларды жариялады. Видеода колонияны басып алғандар өздерін “Ислам мемлекетінің моджахедтері” деп атайды. Видеода кепілдікке алынған төрт адам көрінеді. Үшеуі өлтірілгенге ұқсайды. Шабуылдаушылар пышақпен қаруланған.

Life және "Сапа Кавказ" басылымдарының жазуынша, колонияға арнайы жасақ тартылған. Тұтқындар 2 млн доллар мен тікұшақ талап еткен. Басылым бұл ақпарат алған дереккөзін хабарламады. Адамдарды кепілдікке алу бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиға орнына ФСИН орталық аппаратынан топ аттанған.

Жұма күні кешке қарай колонияға Росгвардияның арнайы жасағы мен ФСИН күштері басып кірген. Адамдарды кепілдікке алғандардың барлығы жойылған, адамдар босатылған.

Бұл соңғы екі ай ішінде Ресей түрмесінде болған екінші басып алу оқиғасы. Маусым айында Дондағы Ростов қаласында N1 тергеу изоляторында тұтқындар абақтыны басып алған. Олар "Ислам мемллекеті" ұйымының жақтастары болғаны хабарланды. Ол кезде кепілдікке алынған екі тұтқын жараланып, шабуылдаушылар жағынан ұстау кезінде алты адам атып өлтірілген.

XS
SM
MD
LG