Accessibility links

Путин Моңғолияға барады. Кремль ХҚС-тың тұтқындау туралы ордеріне "алаңдамайтынын" айтты


Ресей президенті Владимир Путин және Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде. Қыркүйек 2022 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин және Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде. Қыркүйек 2022 жыл.

Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков 30 тамызда журналистерге Ресейдің "Моңғолиядағы достарымен диалогы тамаша" болғандықтан Мәскеу Ресей басшысының Ұлан-Батырға сапарына "алаңдамайды" деп жауап берді.

Былтыр наурызда Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің бала құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілі Мария Львова-Белованы да тұтқындауға пәрмен берген. Сот екеуін де Украинаның оккупацияланған аймағынан халықты, соның ішінде балаларды күштеп көшіріп, әскери қылмыс жасады деп айыптаған.

Путин халықаралық қылмыстық соттың Рим статутын ратификациялаған елге ордер шыққалы бері алғаш рет сапарлайын деп отыр.

Моңғолия Рим статутына 2000 жылы қол қойған, 2002 жылы ратификациялады. ХҚС мүшелері ордерді орындап, Путинді тұтқындауға тиіс. Бірақ ХҚС-та шешімді күштеп орындату механизмі жоқ.

30 тамызда Украина сыртқы істер министрлігі "Моңғолия үкіметі Владимир Путиннің әскери қылмыскер екенін мойындайды" деп үміттенетінін жеткізіп, Ұлан-Батsрды халықаралық қылмыстық соттың халықаралық ордерін орындауға шақырды.

Халықаралық қылмыстық соттың өкілі Фади Эль Абдаллах 30 тамызда Моңғолия "ХҚС-тың Рим статутының қатысушысы", сондықтан сотпен әріптестік орнатуға міндетті деп мәлімдеді. Оның сөзінен AP агенттігі үзінді келтірді.

Былтыр наурызда ХҚС Путинді тұтқындау туралы ордер шығарғаннан кейін Ресей басшысы Рим статутын қабылдаған елдерге бармаған. 2023 жылы шілдеде ол ХҚС-тың мүшесі Оңтүстік Африкадағы БРИКС саммитіне барудан бас тартты.

Ресей Халықаралық қылмыстық соттың мүшесі емес және күдіктілерді беруден бас тартады.

Кремльдің хабарлауынша, Путин Моңғолия президентінің шақыруымен Жапониядағы Халхин-Гол өзенінде совет-моңғол әскерінің жеңісіне 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға қатыспақ. Путин ол жақта моңғол әріптестері мен өзге де жоғары лауазымды шенеуніктермен келіссөз жүргізіледі деп жазылған хабарламада.

XS
SM
MD
LG