Accessibility links

Қытай мен Ресей тағы да бірге әскери жаттығу өткізбек


Қытай мен Ресей биыл қыркүйекте "Солтүстік/Өзара байланыс – 2023" атты бірлескен әскери жаттығу өткізеді. Бұл туралы Қытай қорғаныс министрлігі хабарлады. Әскери-теңіз күштері мен авиация қатысатын жаттығу Охот және Жапон теңіздерінде, олардың әуе кеңістігінде өтпек.

Қытай қорғаныс министрлігі жаттығу мақсаты - "стратегиялық әріптестікті нығайту және қауіп-қатерлерге бірге қарсы тұруға дайындықты күшейту" деді.

Бұған дейін осындай жаттығу – "Солтүстік/Өзара байланыс – 2023" – Жапон теңізінде 2023 жылы 20-23 шілде аралығында өткен. Биыл жазда Ресейдің әскери кемелері Пекинмен бірлескен теңіз жаттығуына қатысқан. Ол шілдеде Қытайдың оңтүстік жағалауында өтті.

Кейінгі жылдары Қытай мен Ресей жақындасып, достығын "шексіз" деп атап жүр. Пекин Украинадағы соғыста бейтарап екенін айтып келеді, бірақ Батыс лидерлері Пекинді саяси және экономикалық тұрғыда Мәскеуді қолдағаны үшін, соның ішінде екі мақсатта пайдаланылатын тауарлар экспорттағаны үшін сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG