Accessibility links

Иран президенті қазанда Ресейге БРИКС саммитіне бармақ


Масуд Пезешкиан
Масуд Пезешкиан

Иран президенті Масуд Пезешкиан Ресейдің Қазан қаласында 22-24 қазанда өткелі отырған БРИКС мемлекетаралық бірлестігінің саммитіне бармақшы. Ұйымға Иран мен Ресейден бөлек, Бразилия, Қытай, Үндістан және Оңтүстік Африка республикасы кіреді.

Пезешкиан сапары туралы 15 қыркүйекте Иран басылымдары Тегеранның Мәскеудегі елшісіне сүйеніп хабарлады. Сапар жайлы Ресей мен Иран арасындағы әскери әріптестікке байланысты Батыспен қарым-қатынас ушыққан тұста белгілі болды.

Өткен аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаға соғыс жүргізіп жатқан Ресейдің Ираннан қысқа қашықтағы баллистикалық зымырандар алғанын айтты. Блинкен екі елдің байланысы Еуропа қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп мәлімдеген.

АҚШ, Германия, Франция және Ұлыбритания Иранға қарсы жаңа санкциялар салды. Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеран Мәскеуге зымыран берген жоқ, АҚШ пен Еуропа елдерінің Иранға салған санкциясы мәселенің шешімі емес деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG