Accessibility links

Харьковқа соққыдан бір адам қаза болып, 40-тан астам адам зардап шекті


Харьковқа жасалған шабуылдан кейін.
Харьковқа жасалған шабуылдан кейін.

15 қыркүйек түстен кейін Ресей әскері Украинаның Харьков қаласын атқылап, көп қабатты үй бүлініп, ондаған адам зардап шекті. Кейінгі мәліметтер бойынша, бір адам қаза болған, үйінді астынан егде әйелдің мәйіті табылған. Бұл туралы қала мэрі Игорь Терехов хабарлады. Зардап шеккендер саны 42-ге жеткен, олардың арасында төрт бала бар.

Облыс әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов шабуылдан Немышлян ауданындағы азаматтық инфрақұрылым бүлінді деді. Оның айтуынша, Харьковқа әуеден қашықтан басқарылатын бомба тасталған. Ресей әскери бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ.

16 қыркүйекте Ресейдің Белгород қаласына жасалған шабуылдан сегіз адам жараланды. Бұл туралы Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков телеграм-арнасында жазды.

Бұған дейін Украина әуе күштері Ресей әскері жексенбіге қараған түні ел аумағына екі "Ескендір-М" баллистикалық зымыранын, бір Х-59 ракетасын атты, 14 дрон ұшырды деп хабарлаған.

Украина Х-59 зымыраны мен он дронды атып түсіргенін мәлімдеді. "Ескендір-М" зымырандары Одесса облысына қарай аннексияланған Қырым аумағынан ұшырылғанын мәлімдеді.

Одесса облысы әскери әкімшілігінің басшысы Олег Кипер Одесса маңында ерлі-зайыпты қаза болды, бір адам жараланды деп хабарлады. Оның сөзінше, үйлер мен шаруашылық нысандар бүлінген.

Украина әуе күштері Днепропетровск, Сумы, Полтава, Николаев облыстарында әуе қорғанысы жүйесі қосылды деп хабарлады.

Украина ІІМ мәліметінше, Запорожье облысындағы Гуляйпол ауданында үш фермер қаза болған, оларға Ресей әскері әуеден бомба тастаған.

Херсон қаласы мен облысында шабуылдан бір тәулікте екі тұрғын мерт болып, жетеуі жараланған. Жергілікті биліктің мәліметінше, Ресей әскерилері білім беру және медицина мекемелеріне, зауыт аумағына соққы жасаған.

Днепропетровск облысы әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Лысак Никополь қаласына жасалған шабуылдан екі адам зардап шекті деп айтты. Көп қабатты үйлерге, көлік жуу орталығына, жеңіл автокөлікке зақым тиген.

Ресей билігі соғыс кезінде Украинадағы азаматтық нысандарға әдейі шабуыл жасады деген айыпты жоққа шығарып келеді.

Украина-Ресей соғысы, Путиннің сесі, Зеленскийдің формуласы – AzatNEWS | 13.09.2024
please wait

No media source currently available

0:00 0:29:00 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG