Accessibility links

New York Post: Трамп пен Байден Украина мен Таяу Шығыстағы ахуал туралы айтты


Дональд Трамп пен Джо Байден Ақ үйде
Дональд Трамп пен Джо Байден Ақ үйде

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың айтуынша, ол қазіргі президент Джо Байденмен кездесу кезінде Украинадағы соғыс және Таяу Шығыстағы ахуалды талқылаған. Трамп әңгіменің жай-жапсарына тоқталмады.

Оның сөзінше, ол Байденнен Украинадағы соғыс туралы пікірін сұрап, жауап алған.

"Сонымен қатар, біз Таяу Шығыс туралы да көп сөйлестік. Мен оның қалай ойлайтынын білгім келді. Жауабын да естідім. Ол өте мейірімді болды" деп телефон арқылы Трамптан сұхбат алып, оның сөзінен үзінді келтірген New York Post басылымы.

Трамптың сөзінше, олар бір-бірімен қуана көріскен және 20 қаңтар күнгі инаугурация қарсаңында тағы бір рет кездеспек. Байден Трампты жеңісімен құттықтап, қаңтарда биліктің «бірқалыпты ауысуын» күтетінін жеткізді.

Трамп пен Байденнің кездесуі қарсаңында АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Байденнің бұдан әрі қарай да Украинаны қолдауға шақыра беретінін айтты. Себебі Киевті қолдаусыз тастап кету Еуропадағы тұрасыздықты арттырумен пара-пар.

Трамп сайлауалды кампаниясы кезінде Украинадағы соғысты тезірек аяқтауға уәде берген. Дегенмен түрлі ақпарат құралдарындағы дереккөздердің хабарлауынша, Трампта бұл бойынша нақты жоспар жоқ. Ол екі жақ біріне жеңілдік жасайды деп үміттенетін тәрізді.

XS
SM
MD
LG