Accessibility links

Пентагон америкалық сарбаздардың мәйіт жанындағы суреті үшін кешірім сұрады


АҚШ қарулы күштерінің басшылығы жақында бірқатар басылымдарда шыққан Ауғанстандағы америкалық әскерилердің суреті үшін кешірім сұрады.

Rolling Stone (Роллинг стоун) журналының сайтында жарияланған суретте америкалық сарбаздар қаза болған ауған азаматтарының мәйіттері жанында бейнеленген. Осыған ұқсас суреттерді өткен аптада немістің Der Spiegel (Шпигель) журналы да басқан еді.

Пентагонның дүйсенбі күні таратылған мәлімдемесінде 5-әскери бригада ("Стайкер") сарбаздарының Ауғанстанда жасаған қылмыстарына қатысты тергеу жүріп жатқаны айтылған.

Суретте бейнеленген сарбаздардың бірі кісі өлтіргені және басқа да қылмыстарға қатысқаны үшін айыпты деп танылып, өткен аптада сот үкімімен 24 жылға бас бостандығынан айрылған.
XS
SM
MD
LG