«СНПС-Ақтөбемұнайгазды» сотқа беруші Серікқали Әбдірейімов 13 жыл бойы осы компанияда еңбек еткен. Биылғы жылдың 24-ші наурызында өткен компания акционерлерінің жылдық жиналысының қабылдаған шешіміне риза болмаған соң ол сотқа жүгінуді қажет деп тапқан.
Компания басшылығы жиналысқа дейін оларға кәсіпорынның табысы, алатын дивиденд мөлшері жөнінде ақпарат бермей, жиналыс өтетін күні әр акцияға 100 теңгеден төлейтіндіктерін ғана хабарлапты. Осы жағдайды Серікқали Әбдірейімов қазақстандық азаматтардың құқықтарының бұзылуы деп санап, сотқа арыз түсірген. Жергілікті жұмысшылардың қолында шамамен 100-ден 200 данаға дейін ғана акция бар. Сонда әр адам 10 мың теңгенің ар жақ, бер жағында үлес алыпты.
Сәуірдің 14-інде өткен арнайы мамандандырылған экономикалық соттың алғашқы мәжілісінде істі қараған судья Баян Жүсіпбекова компанияның өткен жылғы есебі, кәсіпорынның кірісі, акционерлеріне қатысты заңды құжаттарын сұратқан болатын. Ал сәуірдің 23-іне жоспарланған соттың келесі мәжілісі судьяның сырқаттанып қалуына байланысты кейінге қалдырылды.
Сол күні сот мәжілісіне қатысуға Ақтөбе облысының Қандыағаш, Жаңажол елдімекендерінен бір топ мұнайшылар арнайы келді. Олар Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы бақылаушы пакетін иеленгенге дейін «Ақтөбемұнайгазда» ұзақ жылдан еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққанда компания акциясына қол жеткізген бұрынғы мұнайшылар.
Серікқали Әбдірейімовтың айтуынша, компанияның директорлар кеңесінде шешімді тек қытайлық басшылық қана қабылдайды, сол себептен де акционерлердің лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты шағымдары қабылданбайды.
Бұрынғы қызметкерлердің қолында «СНПС-Ақтөбемұнайгаздың» 10 % акциясы ғана бар, бақылаушы пакет толық Қытай азаматтарының қолында. Сондықтан компанияның қаржылық-бақылау жағына, қаражаттың жұмсалу жолдарын қадағалауға мүмкіндік жоқ.
Әдетте, компанияның жылдық жиналысынан соң акционерлер өз үлестеріне қол жеткізетін. Әр акция құнын 100 теңгеге бағалаған компанияның шешімі жұрт үшін күтпеген жаңалық болыпты. Компания оларға акция құнының осыншама құлдырауын мұнай бағасының арзандауымен түсіндірген.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мұнай бағасы түскендіктен, табыс тауып жатпағандарын хабарлаған:
«Бірақ, облыс әкімімен жасасқан меморандумға сәйкес, бізге қанша қиын болса да, жұмыс орындарын сақтап, жұмысшыларды қысқартып жатқан жоқпыз», - деп жазылған компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.
«Компанияның артықшылыққа ие акциялар төлемдері үшін арнайы қоры бар. Өкінішке қарай, осы қорды акционерлерге айтпай таратып жібердік деп хабарлады бізге», – дейді. Серікқали Әбдірейімов.
Сот ісінде Серікқали Әбдірейімовтың мүддесін оның баласы Әнуар Әбдірейімов қорғайды. Әнуар Әбдірейімов судья Баян Жүсіпбековадан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның өткен жылғы қаржылық есебін және тәуелсіз аудиторлық есепті алдыруды сұратты.
Бірақ, 23-ші сәуірге белгіленген отырысқа судьяның өзі де, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» заңгерлері де келген жоқ.
«Компания өткен жылы 300 миллиард теңгеден артық таза пайда түсірді. Үш тоқсан бойы пайдамен жұмыс істеді де, тек төртінші тоқсанда табысы аз болды. Соның өзінде де әр акция үшін 20-22 мың теңге дивиденд төлейді деп есептедік. Бүгінде әр акция 100 теңгеге бағаланды. 100-150 акция иесіне 10-15 мың теңгеден тиесілі. Жұрт осы ақшадан несиелерін жауып, балаларының оқу ақысын төлейміз үміттенген еді», – дейді Әнуар Әбдірейімов.
Компанияның тарапынан әрбір акция үшін белгіленген дивиденд мөлшеріне өз наразылықтарын білдіріп, Қандыағаш қаласынан 30, Кеңқияқтан 40 адам қол қойған арыз хат облыстық прокуратураға жолданды.
Олар да акционер Серікқали Әбдірейімов сияқты «СНПС-Ақтөбемұнайгазды» сотқа бермекші.