Астананың 10 жылдығына дейін Арқа өңірінде дәстүрлі ән-күй кеші өткізілмеген болса, Семейде дәстүрлі музыка кеші 80 жылдан кейін 2006 жылы өткізілген. Ал, Қазақстанның солтүстік облыстарында мұндай музыка кештері мүлдем өткізілмейді екен.
Сәуле Жанпейісова, халық әндерінің орындаушысы:
— Қазіргі күні мемлекеттен де қамқорлық жоқ. Қалталы азаматтардан қолдау күтудің қажеті шамалы, бәрібір олардан қайыр жоқ. Қаржылық қолдау тұрғысынан келгенде, дәстүрлі өнердің дамуы мысықтабандап тұрғаны белгілі. Оның үстіне сахнаны әкесінің үйінің төріндей көріп жүрген эстрададағы көптеген әншілер тыңдарман мен көрерменнің талғамын тұралатып тастады. Мұның бәрі сыншының жоқтығынан. Кім көрінген ән айтып, сахнада асыр салып жүреді. Керек десеңіз, дәстүрлі, халықтық әнге деген жұрттың бұрынғы ықылас пейілін біржолата басып тастағандай әсер қалдырады. Дегенмен, дәстүрлі ән саласында жүрген өнер адамдары кедергілерге қарамастан еңбектеніп келеді.
Сөйтіп дәстүрлі музыканы дамытуды осы өнер саласының иелері өздері қолға ала бастапты. Оның дәлелі, жұмысын енді ғана бастағалы отырған «Дәстүрлі музыканы дамыту қоры». Аталмыш қордың төрағасы, қобызшы Саян Ақмолда жаңа құрылған қор дәстүрлі музыка саласында жаңаша бағыттағы жұмыстар бастамасын қолға алатынын айта келіп:
— Қазақ радиосының және орталық мұрағатта сақталған осыған дейін халыққа жетпеген ән-күйін басқа да музыкалық туындыларын халыққа табыстасақ деген ойымыз бар. Осы күні дәстүрлі музыка саласында көптеген игілікті шаралар атқарып келе жатқан «Ел» продюсерлік орталығымен де тығыз байланыста боламыз деген ойымыз бар,-дейді.
Дегенмен, бұл қордың нәтижелі жұмыс істеп кететініне күмәнмен қарайтындар да бар екен.
— Бастамалары жақсы ғой әрине, дегенмен, «Ел» продюсерлік орталығы сияқты жолын тауып, үлкен істер атқарады дегенге әзірше күмәнім бар, – дейді дәстүрлі әнші Қайрат Байбосынов:
— Дәстүрлі музыканың насихаты жоқ. Жас та, жасамыс та эстрадашыл болып алды. Ақпарат құралдары да эстрада әншілерін талмай насихаттап жатады. Осы эстраданы да бір жүйеге салып, елеп-екшеп сүзгіден өткізетін уақыт келген сияқты. Өйткені, ақша билеген мына заманда бай, бағыланның бәрі бала-шағасымен бірге әнші болып кетті. Сөйтіп, сөзден мән, әннен сән кетті. Дәстүрлі музыканы баспасөз де насихаттамайды. Бәрінің білетіндері эстрада. Тап бір жұрт арасына сұрау салып, біліп келгендей «жұртқа керегі эстрада» дейді. Сондықтан барлығын бір жүйеге, тәртіпке келтіру керек.
Досымжан Таңатаров, эстрада әншісі:
— Сөз жоқ, дәстүрлі өнер — қазақ өнерінің темірқазығы. Бәріміз сол дәстүрлі музыка мектептерінің өкілдерін тыңдап өстік. Музыканың кез келген ағымының бастауында дәстүрлі музыка тұратыны сөзсіз. Бірақ, дәстүрлі өнердің дамуына эстрада кедергі болып отыр дегенге келіспеймін. Әр музыкалық жанрдың өзіндік жолы, бағыты бар. Дәстүрлі өнерді насихаттау үшін көптеген шаралар жасалу керек. Мемлекет тарапынан дәстүрлі өнерге болсын, эстрадалық әншілік жанрларға болсын көңіл бөлу, бақылау жоқ екені рас. Егер мемлекет ұлт өнері ретінде дәстүрлі өнерді өз қамқорлығына алса, онда әр концерттің басында домбырамен ән айтылсын, болмаса рок, джаз жанрындағы екі ән айтылсын, соның бірі фольклорлық музыка болсын деген заң ба, ереже ме шығарар еді ғой. Сондықтан әр өнердің өзіндік даму кезеңі бар. Бүгін эстрада қанат жайса, уақыт өте келе ол тоқтайды да, дәстүрлі өнер дамиды. Дүние — кезек. Әрине, дәл қазіргі кезде дәстүрлі өнердің дамуы өте бір аянышты тақырып екені рас. Десе де, халық әндерін, дәстүрлі әндерді эстрадаға салып, жаңа тыныс беріп жүрген әншілер де жетерлік.
Сонымен бірге, дәстүрлі өнер иелерінің аузынан, тікелей мемлекеттік қолдаумен жүзеге асып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасында дәстүрлі өнердің зерттелуі мен насихатталуына, қамқорлыққа алынып, сақталуына қатысты ешқандай кешенді бағдарлама қарастырылмағанын да естідік.