Accessibility links

Санақтың соңғы қорытындысы бойынша қазақтың үлесі - 63,9 пайыз


Қазақ отбасы Наурыз мейрамы кезінде суретке түсіп жатыр. Алматы, 22 наурыз 2010 жыл
Қазақ отбасы Наурыз мейрамы кезінде суретке түсіп жатыр. Алматы, 22 наурыз 2010 жыл

Қарашаның 12-сі күні Астанада, статистика агенттігі 2009 жылы жүргізілген жалпы ұлттық екінші халық санағының түпкілікті қорытындысын жариялады. Ресми мәлімет бойынша Қазақстандағы барлық халықтың саны - 16 миллион 9 мың 600 адам.


Ресми органның мәліметіне сүйенсек, 2009 жылғы санақтың қорытындысы бойынша қазақтардың үлесі 63,1 пайызды құраған. Содан бергі бір жылғы өсімді есепке алғанда 63,9 пайызға жетіп отыр. Алғашқы бетте қазақтардың үлесі 67 пайызға дейін жетті деген бейресми мәлімет тараған болатын. Әлихан Смайылов ондай қате деректердің тарауына агенттіктің бұрынғы басшылығын кінәлайды.

ҚАЗАҚТАРДЫҢ САНЫ АЛҒАШҚЫДАН АЗАЙЫП ҚАЛҒАН

Қазақстанда 2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-ы аралығында өткен халық санағы аяқталысымен қазақтардың үлес салмағы 67 пайыздан асып кеткені туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл бейресми мәліметті жоққа шығарылды. Ресми мәліметтен кейін қазақтардың үлесі алғашқы деректен азайып қалғаны белгілі болды.
Қазіргі таңда қазақтың үлесі - 63,9. Осы санға сену керек.

– Санақтың қорытындысын шығармай, дерек қорын өңдемей қорытындыны айтуға болмайды. Өңдеу жұмысы енді ғана аяқталды. Қазіргі таңда қазақтың үлесі - 63,9. Осы санға сену керек. Өңделмей тұрған санды айтуға болмайды. Ол статистика агенттігінің бұрынғы төрайымының қателігі, - дейді статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов.
Әлихан Смайылов статистика агенттігінің төрағасы. Астана, 12 қараша 2010 жыл

Оның үстіне қайта өңдеу кезінде тізімге екі реттен ілініп кеткен 300 мыңнан астам адам дерек қордан шығарылған. «Алғашқы бетте қазақтың үлесі 65-67 пайыз дегеніміз сол дубльдің кесірінен болып отыр. Дерек қорды өңдеп дубльдердің барлығын шығарған соң қазақтың үлесі 63,1 пайыз, ал қазіргі кезде 63,9 дегенге келіп отырмыз» дейді агенттік төрағасы.

160 МЫҢ ТҰРҒЫН САНАЛМАЙ ҚАЛҒАН

Статистика агентігі басшысының айтуынша, тұрғындардың бір пайызы санаққа енбей қалған. «Халықаралық тәжірибеде халықтың үш пайызы есептелмей қалған күннің өзінде санақ өтті деп есептелінеді. Ал бізде тұрғындардың бір пайызы санаққа енбей қалды» дейді агенттік төрағасы.
Халықаралық тәжірибеде халықтың үш пайызы есептелмей қалған күннің өзінде санақ өтті деп есептелінеді. Ал бізде тұрғындардың бір пайызы санаққа енбей қалды

«Ағымдағы статистиканың қорытындысын беріп отырмыз» деген Әлихан Смайылов санаққа ілінбей қалған бір пайыз тұрғындарды да есепке енгіздік дейді. Жалпы санаққа бес миллиард теңге бөлінген болатын. Агенттіктің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаеваға «санаққа бөлінген қаржыны қымқырды» деген айып тағылып, ол әлі іздеуде жүр.

Агенттіктің қазіргі басшысы статистикалық дерек қорды өңдеу үшін биылғы жылы бюджеттен тағы 59 миллион теңге бөлінгенін мәлімдеді. Әйткенмен де Әлихан Смайылов, санақ қорытындысының ұзақ уақыт бойы саралануына бұрынғы басшыға қатысты жемқорлық факторының кері әсер етпегенін айтады.

"ҚАЛАМ ЖАЗБАЙ ҚАЛЫП ТА ҚАТЕ КЕТКЕН"

Статистика агенттігі әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті директорының орынбасары Ерболат Мұсабек Азаттық радиосына санақ кезінде кеткен кейбір кемшіліктердің қалай туындағанын айтып берді.

– Бұрын болмаған ең бір қиын нәрсе - ол пастамен (сиямен) толтырылды. Совет үкіметі кезінде де қара сиямен толтырылатын. Ол суық болсын, ыстық болсын бірдей жазылады. Ал мына паста суықтан бір жерде жіңішке, бір жерде қалың жазылады да, содан цифрлық қателер кетті, - дейді әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті директорының орынбасары Ерболат Мұсабек.
Сия суықтан бір жерде жіңішке, бір жерде қалың жазылады да, содан цифрлық қателер кетті

Оның айтуынша, сол жазудағы қателіктердің кесірінен кейбір адамдар тізімге екі реттен ілініп кеткен. Ерболат Мұсабек дерек қордан шығарылған үш жүз мыңнан астам адамның барлығы қазақ ұлты емес дейді.

Мамандардың айтуынша, келесі санақ 2019 жылы жүргізіледі. Биылғы санақтың толық мәліметтері статистика агенттігінің ресми сайтында жарияланды. Сонымен қатар арнайы жинақ шығардық дейді агенттік басшылығы.
XS
SM
MD
LG