Бізге Астана қаласында жолыққан Айқын Әбікенұлы – Бейжің қаласындағы Ұлттар баспасында жобалау бөлімінде қызмет істейді екен. Айқын Іле қазақ автономиялы облысының Күнес ауданында дүниеге келген. Құлжа қаласындағы қазақ орта мектебін тәмамдағаннан кейін, Үрімжіде Шыңжаң университетінде екі жыл арнаулы қытай тілінен дайындық курсын тәмамдап, 1995-1999 жылы Дарьян қаласында ( кезінде Кеңестер одағы «порт Артур» деп атаған) Қазына және қаржы университетінің қаржы факультетін бітіреді. 1999 жылы Бейжіңдегі Ұлттар баспасының қазақ редакциясына қызметке орналасады.
- Ұлттар баспасы қытай тілінен басқа, ұйғыр, тибет, моңғол, қазақ, кәріс тілінде кітап шығарады. Жобалау институты дайындаған кітаптар бір мезгілде бес тілге аударылып, бес тілде жарық көреді. Мемлекет оған қомақты қаржы бөледі, - дейді ол.
Осында жұмыс істей жүріп, Айқын 2002 жылы ағылшын тілінде магистратураны тәмамдайды. Ағылшын тілін білетін болғандықтан жаңадан құрылған халықаралық қатынастар бөліміне халықаралық авторлық құқық жөніндегі үйлестірушісі болып қызмет атқарады. 2006 жылы халықаралық қатынастар бөлімі жобалау бөлімі болып өзгереді:
- Осы кезде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрт кітабы – «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде», «Тарих толқынында», «Қазақстан жолы» кітаптары орысшадан қытайшаға және кириллицадан төте араб емлесіне аударылып бастырылды. Бұл кітаптарды Қытайдың ұлттық ғылым академиясының Орта Азия және Шығыс Еуропаны зерттеу институтындағы аудармашылар – Шуй Күй, Пуң Ю Мин деген кісілер аударды. Мен қытайшасынан бір абзац, қазақшасынан бір абзац оқып салыстырамын. Олар, әрине, орысшадан аударғандықтан, орысшасындағы сөздерді «Қытайша-қазақша-орысша» сөздіктен қарап салыстырып, қадағалап оқып шықтым. Қысқасы, мен осы аударманың жауапты редакторы болдым. Сөйтіп, әжептәуір орысша да түсінетін деңгейге жеттім, - деген ол, «кириллицаны қалай үйрендіңіз?» деген сауалымызға:
- Қытайдағы көзіқарақты зиялының бәрі дерлік кириллицаны білуге ынталы, 3-класта оқып жүргенімде «Жұлдыз» журналын алып келген еді. Қашаннан бері оқитыным есімде жоқ, үйреніп кеттім. Сол жылдары Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Сәбит Мұқановтың «Ботагөз», Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» кітаптарын оқып шығып едік. Сол 80-ші жылдары бізде төте жазу әліпбиіне қайта көшкенімізде осындай кесек туындыларды түйдек-түйдегімен бастырған болатын. Енді 20 жылдан кейін осы кітаптарды қайта бастыруды қолға алып жатырмыз. «Ботагөз» қайта басылды. Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Рахымжан Отарбаевтың «Соғыстың соңғы бомбасы», Мұқағали Мақатаевтың «Аманат», Мұхтар Шахановтың «Шала қазақтар» жинақтары төте жазу емлесімен «Ұлттар баспасынан» басылып шықты.
Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» деген кітабын қытай және қазақ тілінде бастырдық. Рахымжан Отарбаевтың «Соғыстың соңғы бомбасы» да екі тілде жарық көрді. Оның тұсаукесеріне Рахымжан ағамыз өзі келіп қатысты. Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдары» үш рет басылып шықты. Оқырмандардың көңілінен шыққаны соншалық, кітап сөрелеріне қоймай алып кетті, - дейді ол.
Қазір Қазақстаннан «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан әйелдері», «Жұлдыз», «Егемен Қазақстан», «Алтын бесік» секілді газет-журналдарды алып оқып тұрады екен.
Айқынның айтуынша, Қытайда 56 ұлт бар екен. Оның негізгісі, яғни мемлекет құраушы ұлт – қытай ұлты. Ал, қалған 55 аз санды ұлттың бесеуіне мемлекеттік деңгейдегі мәміле берілген. Яғни, оларға Бейжіңде тұрақты тұрып жұмыс істеуге құқық береді.
Қытайдағы қазақтар жан саны бойынша, 17-ші кейде 20-шы орынға дейін түсіп кететін көрінеді.
- Бірақ, мемлекеттік мәмілеге қазақтар 4-ші болып қол жеткізеді. Олар – моңғол, тибет, ұйғыр, қазақ және кәріс. Сол себепті де Бейжіңде қазақ редакциясы, қазақ радиосы, қазақ аударма орталығы жұмыс істейді. Бүкіл Қытайда шығатын заңдық құжаттар міндетті түрде жаңағы бес ұлттың тілінде аударылып, баспадан шығуы керек. Бұл Автономия туралы заңда және Конституцияда орын тапқан. Орталық ұлттар университеті бұрын институт болған, қазір университет болды да, факультеттер институт деңгейіне жетті. Қазақ тілі кафедрасы қазақ тілі факультеті болып құрылды. Жылына 30-35 оқушы алады. Қазақ тілін оқуға ынтығушы өзге ұлт өкілдері үшін тағы бір бөлім ашылады деген сөз бар, - дейді ол.
Айқынның есебі бойынша, қазір Бейжіңде 100 отбасы тұрады. 130 мемлекет кадры жұмыс істейді. Жеке компанияларда істейтін қазақтардың саны 100-ден асып кетті. Шамамен, 600 қазақ тұрақты тұрады. Жеке компанияларда жұмыс істейтіндері мен келіп-кетіп жүретіндерін қосқанда, мыңға жуықтаған.
Қазақстан студенттері 2000-нан асты, Қытайдағы қазақ студенттері 200-ден асады. Қытай қазақтары Ұлттар баспасы, Орталық халық радио станциясының ұлттар радиосы, орталық ұлттар аударма өзегі және орталық Ұлттар университетінің филология институтының қазақ тілі факультеті сияқты төрт мекемеде шоғырлана орналасқан. Әрбір орында 10-нан астам қазақ кадрлар жұмыс істейді екен.
Айқын Ұлттар баспасынан «Алаш» ардагерлерінің мұрасын аудартып бастыруды көздейтіндігін айтады:
- «Алаш» мұрасы қазақ тарихы мен мәдениетінің маңызды бір беті. «Алаштың» шығармашылығы мен мұрасына байланысты ғылыми жүйе қалыптастыра білсек, оның Қытайда басылып шығуына еш кедергі болмайды деп ойлаймын. «Алаш» мұрасы туралы Қытайда алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабынан естіп білдік. Бұл кітапта қазақ тарихы жаңғыртылған, онда «Алаш» туралы дерек те бар ғой. Осы «Тарих толқынында» қытай тілінде және қазақша төте жазу емлесімен шыққаннан кейін ғана «Алаш» туралы біле бастадық. Бұл кітап «Алаш» мұрасының Қытайда аударылып, басылуына жол салып берді деп ойлаймын, - дейді ол.