Әрине, әр банк өз мүмкіндігіне сәйкес жеңілдік жасар. Дегенмен, ірі қаржы институттарының өздері үшін ешқандай пайдасы жоқ талаптарға көнуі қазақстандық кейбір сарапшылардың күмәнін туғызды.
«Халыққа баспана қалсын» қозғалысының қазақстандық қоғамда пайда болғанына көп уақыт өткен жоқ. Бұл қозғалыстың дүниеге келуі әлемдік дағдарыстың басталуымен тұспа-тұс болды. Аптасына өткізетін бірнеше бас қосуды айтпағанда, аталған қозғалыстың мүшелері мен жетекшілері күнара банктердің кеңсесінің алдына барып, наразылық акциясын өткізіп жатыр. Ал ел арасында бұл қозғалыстың белсенді әрекетінің артында қазақстандық банктердің өз мүддесі жатқан жоқ па деген күмәнге толы әңгіме айтылып жүр.

Кейбір қазақстандық сарапшылар мұндай әңгіменің шындыққа жақын болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Олардың пікірінше, қазақстандық банктердің басым бөлігі шетелдік қаржы орталықтарына миллиардтаған доллар қарыз, сондықтан да бұл мәселені жеңілдету үшін әлгіндей қозғалыстарды тудыру әбден мүмкін.
Осы тұста Қазақстандағы борышкерлердің күйін күйттеп жүрген жалғыз қозғалыстың қаржы институттарына қандай пайда әкелуі мүмкін деген сұрақ туындайды. Бұл сауалға жауап берген саясаттанушы Ержан Қарабаевтың айтуынша, борышкерлер мен банкирлердің проблемасы бір-біріне өте ұқсас.
- Мәселен, қазақстандық банктер шетелден қаржы алғанда оларға мемлекет кепіл болды. Бүгінгі қаржы дағдарысы ең алдымен банктердің өздерін қысуда. Олар жылдың соңына дейін шамамен 17 миллиард доллар құрайтын қарызды жабуы керек. Ал еліміздің қаржы институттарының жалпы қарызы бұдан бірнеше есе көп. Сондықтан да, олар мемлекеттен қандайда бір көмек алу үшін түрлі әрекеттерге баруы мүмкін. Ашығын айтар болсақ, «Халыққа баспана қалсын» қозғалысы қаржылы топтардың әлеуметтік мәселені ушықтырып көрсету үшін қолдан құраған саяси ойыншығы болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Біз, қазақстандық билік элитасының ең бірінші әлеуметтік дау-жанжалдардан қорқатынын естен шығармайық, - деді ол.
Ал саясаттанушы Нұрлан Айдынның да пікірі осыған ұқсас болды. Оның сөзіне қарағанда, банк ісінде дәл саясаттағыдай қарапайым адам байқай бермейтін күрделі операциялар жүзеге асырылады:
- Қазақстандағы бірнеше ірі банктің борышкерлердің талабын орындауға оңай келісе салуы күмән туғызады. Мен өз-өзіме бұлардың артында кімдер тұр деген сұрақ қоямын? Өйткені, борышкерлер проблемасының оңай шешіле бастауы өте күмәнді.

Аталмыш қозғалыстың бас қосулары мен наразылық акцияларына басынан бастап қатысып жүрген тіркелмеген «Талмас» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Айнұр Құрманов борышкерлердің артында ірі топтардың мүддесі тұр деген алыпқашпа әңгімелерге сенбейтіндігін айтты:
- Банктер мен борышкерлердің арасында ешқандай құпия келісім жоқ. Банкке қарыз адамдардың арасында өз-өздеріне қол салған адамдар да болды. Одан соң, кейбір банктер қарызын уақытылы төлемеген адамдардың үйлерін тартып алып, саудаға шығарды. Сондықтан да, борышкерлердің артында олардың өздерінен басқа ешкім тұрған жоқ. Мен бұған 100 пайыз сенімдімін.
«Халыққа баспана қалсын» қозғалысының жетекшісі Элмира Ысқақова «Азаттық» радиосына берген сұхбатында, қоғамда оларға күмәнмен қарайтындардың көп екенін айтты:
- Осыдан біраз уақыт бұрын бізді оппозициялық күштердің бірі ойлап тапты деген әңгіме жүрді. Одан кейін, біздің қозғалыс туралы кейбір үлкен кісілер «бұлар нағыз алаяқтар» деп айтты. Таяуда, «Халық банкінің» басқарма төрағасы Григорий Марченко да «бұл адамдар тұрғын үй нарығында алаяқтықпен айналысу арқылы біраз нәрсені басып қалды. Енді болса, халықтың проблемасын алға тартқансып, қолдарындағы дүниені заңдастырып қалғысы келеді деп айтқан болатын. Мен бұл әңгімелердің барлығын жоққа шығарамын. «Халыққа баспана қалсын» қозғалысы қарапайым адамдардың шынайы проблемасы, одан басқа ештеңе емес.
«Азат» партиясы төрағасының орынбасары Петр Своик бұл жерде ешқандай ойын жоқ деп айтты. Оның пікірінше, банкирлерде борышкерлерге жеңілдік жасамаудан басқа жол жоқ.