ШАҒЫМ
Ақмола облысының Степногорск маңындағы ЕЦ 166/18 түзету мекемесінде жазасын өтеген бірнеше сотталушы мен олардың туыстары Азаттық қызметіне хабарласты. Олардың сөзі бойынша көпшілік арасында ИК-90 деп танылған бұл мекемеде ем-дом жасаудың орнына, колония басшылығы сотталушыларды ұрып-соғады, жазықсыз жазалап, мүгедек етуге дейін барады.
ЕЦ 166/18 түзету мекемесінде соматикалық аурухана орналасқан. Онда республика бойынша туберкелез және басқа да ауруға шалдыққан сотталушылар емделеді.
Арқалық түрмесінде жазасын өтеп жатқан Өмірғали Үйсенбаев денсаулығына байланысты тамыздың 12-сінде Степногорск түрмесіне жеткізілген.
Сотталған Өмірғали Үйсенбаев, Евгений Белик пен Риимшан Құрбановтар Арқалық түрмесінен Семейдегі түрме-емханаға жіберілуі тиіс екен. Дегенмен орта жолда оларды Степногорскіге алып келген.
- Бұдан бұрын бұл жердегі режимнің қатал екендігін естігенбіз, сондықтан сол күні-ақ наразылық ретінде аштық жарияладық, - дейді Өмірғали Үйсенбаев.
Дегенмен, оларды тыңдаған ешкім болмаған.
- Керісінше, егер барлығы жақсы деп арызға қол қоймасаң, зорлаймыз деп қорқытты, - дейді Риимшан Құрбанов.
Егер барлығы жақсы деп арызға қол қоймасаң, зорлаймыз деп қорқытты.
Күнделікті ұрып-соғу мен тепкіден шаршаған Құрбанов, асылып өлмек болған. Бірақ, колония басшылығы көріп қалып, қол жұмсауына кедергі жасаған. Сотталғандар Степногорскіде тамыздың 12-сінен қыркүйектің 9-ына дейін «емделгендігіне» қарамастан, алғашқы 19 күн бойы изоляторда отырған.
- Алдымен бізге аштық жариялағанымыз үшін төрт, кейін тәртіп бұзды деп тағы 15 тәулікке жауып тастады, - дейді сотталушылардың бірі Өмірғали.
Тек тамыздың 31-і күні емханаға жатқызылған олар, онкүндік «ем» қабылдағаннан кейін, «ешқандай шағымымыз жоқ» деп қол хат жазып, Арқалыққа кері қайтаруды сұраған. Қазір олар Астанадағы СИ-12 колониясында отыр. Бұл жер сотталғандарды жаза өтейтін мекемелерге жөнелтетін аралық орын.
ТУЫСҚАНДАРДЫҢ УАЙЫМЫ
Өмірғали Үйсенбаевтың әйелі Шолпанның сөзінше, қазір оның күйеуі мен жанындағы сотталушылар қыркүйектің 12-сінен бері аштық жариялап отыр. Олар өздерінің Степногорскіде соққыға жығылғандары үшін наразы.
- Степногорскідегі колонияға менің күйеуіммен бірге тағы екі адам жеткізілді. Олардың барлығын ұрып-соққан, менің күйеуімнің жанындағы екі азамат СПИД-ке шалдыққандар. Барлығын «зорлаймыз» деп қорқытқан. Менің күйеуімді ол мекемеге емделу үшін жіберген болатын. Оған көзіне операция жасау қажет. Ал ЕЦ 166/18-дегілер ондай операция жасамаймыз деп қарап отыр, - дейді Шолпан.
Ол өз күйеуін Степногорск түрмесіне «сындыру үшін» әдейі алып келгендігіне сенімді.
Ол өз күйеуін Степногорск түрмесіне «сындыру үшін» әдейі алып келгендігіне сенімді.
- Менің күйеуім алдымен Қостанай облысындағы Арқалық түрмесіндегі, енді міне Степногорскідегі колониясындағы шектен шыққан озбырлықтың құрбаны болып отыр. Күйеуімнің қазір көзі көрмейді, не жүре алмайды, - дейді Шолпан Үйсенбаева.
ТӘРТІП
Степногорск қаласындағы ЕЦ 166/18 түзету мекемесі соматикалық ауруханаға жатады. Қазақстанда мұндай аурухана үшеу – бірі Семейде, ендігісі – Павлодар қаласында және соңғысы біз сөз етіп отырған – Ақмола облысында.
Түзету мекемесінің басшысы Талғат Сүлейменов, көпшіліктің басқаларға қарағанда осы колонияға қатысты жиі шағымданатындығын мойындайды.
- Сотталғандар әдетте Семей мен Павлодардағы ауруханаларға барады. Ол мекемелерде ешқандай тәртіп жоқ. Сотталушылар карта ойнап, егер қатты қажет болса есірткі қолдануы мүмкін. Ал бізде оның бірі де жоқ. Мұнда тәртіп қатаң. Келді ме, емделіп қайтып кетеді. Қарасаңыз шағым-арызды барлығы жазбайды ғой, тек дем алып, еркін жүргісі келетіндер ғана жазады, - дейді колония басшысы.
Ол өмірінің көбін темір тордың арғы жағында өткізген Өмірғали Үйсенбаевтың денсаулығына қатысты да бірер сөз айтты.
Мәселен жуырда маған бір ана келіп, 22-ге толмаған ұлы соққыға жығылғандығы жайлы шағымданды. Ал ол бес жастағы қызды зорлаған.
- Үйсенбаев 28 жылын түрмеде өткізген адам. Оның денсаулығы қандай болуы керек, қалай ойлайсыз? Оның есірткіге үйір болғанына 20 жыл болған. Ол мында егілгісі келді, мен оған жол бермеймін, - дейді Сүлейменов.
Оның сөзінше, түрмеде отырған азаматтар бостандықта жүріп заңды бұзған қылмыскерлер екендігін ұмытпау қажет. Сондықтан кез-келген шағымды қарастырмас бұрын алдымен оның не үшін сотталғандығын білу қажет дейді басшы.
- Мәселен жуырда маған бір ана келіп, 22-ге толмаған ұлы соққыға жығылғандығы жайлы шағымданды. Ал ол бес жастағы қызды зорлаған. Зорлау кезінде бөлмеге қыздың жеті жастағы ағасы кіріп келген. Сол жерде ол кішкентай қызды да, оның ағасын да өлтіріп, түрмеге түсті. Әрине ондайларды мұндай жерде ешкім кешірмейді. Шығымданудың алдында неге олар өз балаларының, күйеулері немесе бауырларының қандай қылмыс жасағанын ескермейді? - дейді Талғат Сүлейменов.