Хат мәтінінде: «БАҚ жұмысын реттейтін Қазақстан заңдары ескі көзқараста қалып отыр, осының кесірінен барлық дәрежедегі шенеунік сыни материал жариялаған кез келген басылымды оп-оңай құртып жібере алады. Заңға үкімет тарапынан енгізілген аз-кем түзетулер журналистиканың адалдық принципіне мән бермей отыр», — делінген.
Хатқа қол қойғандардың арасында «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, «Жас Алаш», «Свобода слова», «Тасжарған», «Республика» және тағы басқа басылымдардың басшылары бар.
Бұдан бұрын, 11 қараша күні Ақпарат министрі Мұхтар Құл Мұхаммед "Үкіметтің саяси реформаға бастау болады деген заң жобаларының бірі - "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы" деп мәлімдеген болатын.
Ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, бұл заң жобасы журналистердің құқықтарын қорғауға арналған. Онда журналистердің кәсіби қызметін шектейтін 213 баптың 4.1 тармақшасы алынып тасталыпты. "Енді ақпарат құралдары кез келген мемлекеттік мекемеде лауазым иелерінің рұқсатынсыз, шенеуніктерден ашық сұхбат ала алады және видеоға түсіре алады", - деген еді министр.