Абай мұрасы жайлы ұзақ жылдар бойы жазылған, жарияланған, зерттеу жүргізілген әр түрлі сипаттағы деректер көзі төрт мыңға тақап қалды. Абай мұралары тереңірек зерттеле бастағаннан бері жоғары оқу орындарында абайтанудың арнайы курсы мен семинар сабақтар өткізіліп, диплом жұмыстары жазыла бастады.
Алайда кейбір абайтанушылар ЖОО-да абайтану пәні советтік заманда дайындалған оқулықтармен оқытылып келе жатқанын айтады. Олар бұл пәнді жаңа зерттеулер бойынша дайындалған оқулықтар негізінде оқыту қажет деп санайды.
Абай мұралары мен абайтану пәні мектеп, жоғарғы оқу орындарында қандай дәрежеде қамтылып отыр және абайтанушылар мен абайтану институттары осыған қаншалықты үлес қосуда?
Бұл туралы Азаттық радиосының хабарын «Руханият» айдарынан тыңдай аласыздар.