Халықаралық ұйымның Қазақстандағы адам құқығының сақталу жағдайына қатысты көлемді баяндамасында бес мәселе атап көрсетілген. Солардың ішінде зорлық-зомбылық пен күш көрсетудің түрлі әдістеріне ерекше көңіл бөлінген.
«ПЫШАҚПЕН СОҚҚЫЛАП, ЦЕЛЛОФАНМЕН ТҰНШЫҚТЫРАДЫ»
Баяндама авторлары Адам құқықтары жөніндегі еуропалық соттың 2009 жылы қарашада Әмір Қабыловтың арыз-шағымына қатысты шығарылған шешіміне тоқталып өткен. Сот Қазақстан билігінің Әмір Қабыловты қылмыс жасаған деген күдікпен Украинадан экстрадициялау туралы өтініші адам құқықтары жөніндегі еуропалық конвенцияның азаптау қауіпі туралы ережесіне қайшы деп шешкен еді.
«Амнести интернэшнл» Қазақстанның қылмыстық және қылмыстық-процесуалдық кодекстерге азаптауды болдырмауды көздейтін өзгерістер енгізгеніне қарамастан, іс жүзінде зорлық-зомбылық тыйылмады деп атап көрсеткен. Хабарларға қарағанда, «сот күш қолданып алынған куәліктерді есепке алуын тоқтатқан жоқ. Бұған қоса ұсталғандарды хаттамасыз үш сағаттан артық ұстау жағдайы жиі кездесіп отыр».
БҰҰ-ның зорлық-зомбылыққа қарсы комитетінің 2008 жылғы қарашада ұсынған кеңестеріне қарамастан, елде ұсталғандарға қатысты тәртіп бұрынғысынша дұрысталмай келеді. 2009 жылы Қазақстанға сапардан оралған БҰҰ-ның зорлық-зомблық мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы «күдіктілерді мойындату үшін қолмен, жұдырықпен, құм толтырылған пластикалық бөтелкелермен, полиция сойылымен, бұған қоса пышақпен ұрып-соғу, целлофан қалталармен, противогазбен тұншықтыратындығы туралы» көптеген шағымдар жинағандығын мәлімдеді. Олардың көбісінің растығын сот-медициналық сараптама нәтижелері дәлелдеп отыр» делінген баяндамада.
Есепте Олег Евлоевтың ісі осыған мысал ретінде келтірілген. Астана соты өткен жылы маусым айында үш бала мен олардың анасын қасақана өлтірген деген айыпен Дмитрий Тянді - 25 жыл, Олег Евлоевты өмірлік түрме жазасына кескен болатын. «Айыпталушылардың екеуі де өздерінің кінәлі еместіктерін айтып, алдын ала тергеу барысында қылмысты мойындату үшін зорлық-зомбылық көрсетілгендігін мәлімдеді» делінген есепте.
«Бақылаушылардың хабарлауынша, судья алқабилерге күш көрсету туралы мәлімдемелерге назар аудармауы керек деп түсіндіріп өткен. Хабарларға қарағанда, полицияның ұстау кезінде түсірген бейнетаспасында Олег Евлоевтің денесінде сау тамтығы қалмағандығы анық көрініп тұрған. Бірақ, бұл таспа тергеу барысында жоғалып кетті. Қараша айында Жоғарғы сот апелляциялық шағымды қарамады. Зорлық-зомбылық мәліметтеріне қатысты тергеу жүргізілмеді».
«НАУҚАС ТҰТҚЫНДЫ ЕМДЕМЕЙДІ»
Баяндаманың «Ұсталғандар жағдайы» атты бөлімінде есепші Инесса Карху туралы сөз болады. Атап айтқанда, есепте 2007 жылы алаяқтық үшін сегіз жылға сотталған Инесса Кархуге әлі күнге дейін дәрігерлік көмек жеткілікті деңгейде көрсетілмегендігі баяндалған. «Инесса Карху глаукомамен ауырады, оны емдесе адам соқыр болып қалуы мүмкін. Ол туған-туыстары жіберген дәрілермен ғана емделуге мәжбүр болды. Оны басқа түрмеге ауыстырған соң дәрі-дәрмектерді жеткізу аса қиындап кеткен.
Халықаралық қауымдастықтың қысымынан соң қараша айында Инесса Кархуды тәуелсіз дәрігер қарады. Дәрігер қорытындысы бойынша, науқастың кеселі асқынып, екі көзіне шапқан. Соған қарамастан, желтоқсандағы мәлімет бойынша, Инесса Кархуге тиісті дәрігерлік ем көрсетілмеген» деп жазады «Амнести Интернэшнл».
«ТЕРРОРИЗМ АТЫН ЖАМЫЛЫП…»
Баяндаманың «Терроризммен күрес және қоғамдық қауіпсіздік» бөлімінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі туралы сөз болады. Есеп авторлары «ҰҚК антитеррорлық операцияларды бұрынғысынша биліктің мемлекеттік және аймақтық қауіпсіздікке қатер төнгізеді деп есептейтін азшылық топтарды қудалау үшін қолданып келеді» деп баяндаған. «Атап айтқанда, Өзбекстаннан шыққан босқындар және босқын мәртебесін сұраушылар, бұған қоса Қазақстанда тіркелмеген және тыйым салынған діни партиялар мен ұйымдардың өкілдерін немесе өкілі болуы мүмкін деп болжаған кісілер қудалауға ұшырады».
«Амнести Интернэшнл» баяндамасында шетел азаматтарының Қазақстанда адам төзгісіз қорлықтарға ұшырау мүмкіндігі «орташадан жоғары» деп атап көрсетілген. Бұған қоса есепте ҰҚК қызметкерлерінің тергеу абақтыларындағыларды үнемі азаптап, зорлық-зомбылық көрсететіндігі жайында да айыптаулар келтірілген.
Халықаралық ұйым есебінде ҰҚК қызметкерлерінің осы ретте қоғамдық бақылаушыларды абақтыларға жібермейтіндігі де баяндалған.
Есеп авторлары ҰҚК-нің бет-жүздерін тұмшалап қаруланған қызметкерлері Алматыда өткен жылы қыркүйекте Өзбекстаннан келген үш босқын және босқын мәртебесін сұраушы екі кісінің үйіне басып кіргендігі туралы жазған. «Олар құжаттарын көрсетпестен бұл кісілерді ұстап, белгісіз бір мекенге тергеуге алып келді. Кейін тергеу жүргізілген жердің Алматыдағы ҰҚК ғимараты екендігі белгілі болды».
Баяндамада босқындарға кісен салып, ұрып-соғып, біреуінің мұрнын бұзғандығы жазылған. «Бұған қоса оларды пластикалық қапшықтармен тұншықтырған. Тұтқындалғандардың хабарлауынша, ҰҚК қызметкерлері оларды полиция қызметкерін өлтірген деген айыппен Өзбекстанға экстрадициялаймыз деп қорқытқан. Алайда бірнеше сағаттан соң оларды ешқандай айып тақпастан босатып жіберді» делінген баяндамада. Азаттық радиосы ҰҚК-нің бұл әрекеті туралы кезінде арнайы тоқталған болатын
ӘДІЛЕТСІЗ СОТТАР
Баяндаманың «Әділетсіз сот процестері» деген бөлімінде қазақстандық адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтистің ісі туралы сөз болады. Есеп авторлары Қазақстанда қылмыстық өндіріс бұрынғысынша халықаралық нормаларға сай емес деген баға береді.
Өткен жылдың қыркүйек айында адам құқығы және заңдылықтарды сақтау жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис төрт жылға сотталды. Сот Жовтисті көлік жүргізу кезінде адам өліміне әкелген жол апаты бойынша айыпты деп таныған еді.
«Хабарларға қарағанда, сот процесі барысында халықаралық және ішкі ережелер сақталмады. Евгений Жовтиске куәгер емес, күдікті ретінде тергеліп жатқандығын ескертпегенінің өзі оның үнсіздік сақтау және автотехникалық сараптама материалдарымен танысу құқығын бұзды» делінген баяндамада.
Өткен жылы қазан айында қамаудағы Евгений Жовтис Өскемендегі түзету мекемесіне көшірді. Оның адвокаты апелляциялық соттың шешімін теріске шығаруға тырысып жатыр.
ДІН ЕРКІНДІГІ
«Амнести Интернэшнл» "Қазақстанда діни наным-сенім еркіндігіне бұрындағыдай шектеу қойылып келеді, діни азшылық топтар полиция мен жергілікті билік өкілдерінің қорқыту-үркітулері туралы бірнеше мәрте хабарлады" деп жазды. Бұған қоса есеп авторлары «Салафи» қозғалысының өкілдері мен ахмадилер қуғынға ұшырап отыр деп атап көрсеткен.
«ҰҚК қызметкерлері және жергілікті полиция Семейде наурыз айында мұсылман-ахмадилер жұма намазына жиналғанда оларға қарсы бірнеше мәрте операция жүргізді. Солардың бірінде қауымның өкілдері ұсталды, оларды жергілікті полиция бөлімінде бірнеше сағат тергеді» деп жазылған баяндамада.
Еске сала кетсек, орталығы Лондонда орналасқан "Амнести интернэшнл" халықаралық құқық қорғау ұйымының бұл есебіне әлемнің 159 еліндегі жағдай қамтылып отыр.

Өзбек босқындарының айтуынша, ҰҚК қызметкерлері олар тұрып жатқан үйдегі осы сарайдың есігін бұзып, ішінен қару іздеген. Алматы, 7 қыркүйек 2009 жыл.