«ҚАЗАҚСТАНДА ЗАҢСЫЗ САУДАҒА ЖОЛ ЖОҚ»
Қазақстан Иранды уран сатып алушы ретінде қарастырмайды деп мәлімдеді қаңтардың 12-күні Қазақстанның энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов. Бұл күні парламент мәжілісі комитетінің жиналысында депутаттардың сұрақтарына жауап берген үкімет өкілі «республикада экспортқа бақылау жүйесі жолға қойылған және заңсыз саудаға ешқандай мүмкіндік жоқ» деп атап көрсетті.
Мағауовтың айтуынша, МАГАТЭ-дегілер баспасөз құралдарында Қазақстан Иранға уран сатады-мыс деп таралған ақпаратты «ақылға сыйымсыз» деп бағалайды және осы тектес мәлімдемелерге түсініктеме беруді артық деп санайды. Вице-министр Қазақстан үкіметінің мүшелері МАГАТЭ-де жұмыс істейтін кісілермен кездескендігін айтып, ұйым мүшелері республикадағы ядролық нысандарда бірнеше мәрте сараптама жұмыстарын өткізгенін жеткізді.
Бұдан бөлек, министрлік өкілі уран саудасына қатысты өткен жылдың соңында таралған ақпаратта көрсетілген мәліметтерді аса қисынсыз деп бағалайды. Оның пікірінше, Қазақстан үкіметі жоққа шығарған бұл ақпараттағы сауда келісімінің көлемі тым ауқымды және ол республиканың жыл бойы өндіретін уранының 10 пайызын құраған болар еді.
Бұған дейін, 2009 жылы желтоқсан айында, Ассошиэйтед Пресс агенттігі Иран Қазақстаннан 1350 тонна тазартылған уран сатып алғысы келеді деген мәлімет жариялаған болатын. Ақпарат агенттігі өзі таратқан мәліметтің дерек көзі ретінде «барлау қызметін», дәлірек айтсақ оның МАГАТЭ-ге арнап дайындаған баяндамасын атады.
Сонымен бірге, агенттік ақпаратында құпия келісімнің құны 450 миллион доллар деп көрсетілген. Баяндаманы дайындаушылардың бағалауы бойынша, 1350 тонна уранға 150-ге жуық ядролық оқтұмсық дайындауға болады екен.
АСТАНА БАТЫСТЫҢ АҚПАРАТ АГЕНТТІГІМЕН СОТТАСҚЫСЫ ЖОҚ
Бұл ақпарат әлемдік деңгейде тарала салысымен-ақ Астана және Теһран мұндай мәліметті теріске шығаратындығын жариялады.
«Қазақстан өзінің халықаралық міндеттемелерін үнемі толықтай атқарады. Қазақстанның уран саласындағы қызметі, Қазақстанның барлық әрекеті МАГАТЭ-нің талаптары мен стандарттарына сәйкес жүргізіледі», - деді елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.
Бұл уақытта Иранның БҰҰ-ғы өкілі көлемді уран саудасы төңірегіндегі мәліметті негізсіз деп атады. Өзінің есімін жарияламаған ирандық үлкен даудың тууына түрткі болған бұл мәліметті бірқатар әлемдік державалар Теһранға психологиялық қысым көрсету үшін пайдаланып отыр деп мәлімдеді.
Алайда заңсыз сауда дауына тағы да ұрынған Астана, агенттік мәліметін жоққа шығара отырып, батыстың ақпарат агенттігімен соттасуды жөн деп санамайтындығын атап көрсетті.
Сонымен бірге, Әсет Мағауов биылғы ақпан айында МАГАТЭ өкілдері Қазақстанға келеді және бұл сапардың батыс агенттігі таратқан ақпаратқа ешқандай қатысы жоқ деп хабарлады.
Қазақстанның ресми мәліметі бойынша, республикада өткен жылы 8,5 мың тоннадан астам уран өндірілген. 2009 жылдың аяғында «Қазатомпром» ұлттық компаниясы уран өндірісі бойынша Қазақстан әлемде бірінші орынға көтерілгендігін хабарлады.