Accessibility links

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жануарлардың көмегі арқылы емдеу тәсілі


Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі сәбилер мен олардың аналары
Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі сәбилер мен олардың аналары

Қазақстанда 44,5 мыңнан астам мүгедек бала есепте тұр, бұл елдегі бүлдіршіндердің 1,2 пайызын құрайды. Ұлттық медицина қауымдастығының деректері бойынша, олардың он мыңға жуығы церебральды сал ауруына шалдыққан.



Талғар қаласында орналасқан жетім, мүгедек және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларының балаларына арналған «Ковчег» деп аталатын мекемедегі бірқатар балаларға церебральды сал ауруы диагнозы қойылған. Баланың сәби шағында мидың қозғалыс қызметін атқаратын бөлігінің зақымдануына байланысты пайда болатын сал ауруы, адам өмірінің соңына дейін жалғасатын қатерлі дерт дейді мамандар.

Латын тілінен аударғанда animal – жануар, яғни, хайуанаттар, ал «анимал терапиясы» – хайуанаттардың және солардың бейнелерін пайдалану арқылы психофизиологиялық, психотерапевтік және бейімделу көмегін көрсететін терапия түрі.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған кезде, атеросклероз, бас сүйек жарақаты, полимиелит, асқазан-ішек аурулары, простатит, ақыл-ой жетіспеушілігі сияқты дерт түрлерін емдеу ісінде иппотерапия да қолданылады.

Қазақстанда салт атқа мінгізіп, ем жүргізу 90-шы жылдардың басында пайда болды. Бұл Қазақстандағы сырқат адамдарды емдеу мен оңалту үшін көмекші құрал – зоотерапияны дамытуға үлес қосады. Алайда Людмила Дробышева иппотерапия елде көне заманнан бері қолданылып келген дейді. Маманның айтуынша, салт ат пен адамның қадамдары ұқсас, сондықтан да ол емге үлкен ықпал етеді. Дегенмен оның ең басты жетістігі - жағымды эмоция беретіні дейді маман.
XS
SM
MD
LG