Accessibility links

"Көп қазақ сериал көріп, күйбең тіршілігін ұмытады"


Қазақстан телеарналарында қазақ тіліне аударылып көрсетіліп жатқан шетелдік телехикаялардың сапасы алақұла. Олардың адамның көңіл-күйі мен күнделікті тұрмысына тигізетін әсері де әртүрлі.




1990 жылдардың басында Қазақстан халқының алғаш тамашалған «Изаура күң» атты телехикаясы кейіннен Мексиканың «Қарапайым Мария» мен «Жабайы Розасына» ұласты. Бұдан соң Бразилияның телехикаялары мен Ресейдің телеөнімдері біртіндеп қазақстандық экранды жаулай бастады. Қазір Қазақстан халқы үшін түрік пен корей телехикаялары танымал болып тұр.

Азаттық радиосына сұхбат берген психолог Анна Мергенбайқызы телехикаялар адамның сезімін оятады, мәдениеттілікке үйретеді деген пікірін айтады.

Бұрындары телехикаялардың көбі орыс тілінде болса, қазір көп сериялы «көбік» фильмдердің қазақ тіліне аударылғандары жиі көрсетілетін болған.

Көрермендердің бірқатары мұндай сериалдарды тамашалау арқылы күнделікті күйбең тіршілікті бір сәт ұмытуға болады дейді.

Алайда, қазақ тілінің маманы Айзат Ыбыраева шетелдік телехикаялардың дубляжынан кейде кез-келген адам түсіне бермейтін, күрделі сөздерді кездестіретіндігін айтады.

Азаттықтың шетелдік телесериалдар туралы дайындаған хабарын тыңдап, пікір қосыңыз.
XS
SM
MD
LG