«ҚАНАҒАТ ҚАРЫН ТОЙДЫРАР» МӘТЕЛІН ҰМЫТҚАН ИНВЕСТОРЛАР ҚОЛЫНДАҒЫДАН АЙРЫЛДЫ
«Блумберг» агенттігінің айтуынша, өзінің кредиторларына 4,19 миллиард доллар қарыз «Альянс Банк», олардың басым көпшілігіне несиелерін азайтылған көлемде қолма-қол ақшалай қайтару мүмкіндігін ұсынған. Бұған қоса, оларға банк өзінің акцияларын беру мен 13 жыл бойы төлеп отыруы арқылы қарызын қайтару міндетін мойнына алуға даяр екенін білдірген.
Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко осы мәселеге қатысты, облигациялар иелерінің (дағдарыс болмай тұрған кездері) егер банк күйрей қалса, өздерінің қарызын Қазақстан үкіметі қайтарып береді деп жөнсіз дәмеленгенін, енді «өз тойымсыздығының салдарынан» соның азабын тартып жатқанын айтқан.
Қазақстан үкіметі «Альянс Банктің» менеджерлер тобын толығымен жұмыстан тайдырды, елдің ең ірі банкі – БТА банктің акцияларының бақылау пакетін күшпен иемденді. Сонымен қатар, үкімет банк саласындағы апаттың алдын алу үшн 716 миллиард теңге (4,8 миллиард доллар) қаржы жұмсады.
Бұл апат қаупінің пайда болу себебі дүниежүзілік ауқымда несие беру көлемінің еріксіз азайтылып жатқандығында боп отыр, соның кесірінен Қазақстан банктері өздерінің шетел валютасында айналымға жіберілген облигациялары бойынша міндетті төлемін төлеу мен шетелден алған несиесінің қайтару мерзімін ұзарту мүмкіндігінен айрылып қалған еді.
БТА банкінің шілденің 1-інде жасаған мәлімдемесіне қарағанда, «Goldman Sachs Group» фирмасы бұл банктің қарызын реттеу ісіне өзінің қатысуын тоқтататынын жария еткен. Демек, аталған банктің 15 миллиард доллар қарызын қайта құрылымдау ісі едәуірге созылып кетуі мүмкін деп хабарлайды сайт.
Шетелдік несие берушілер бүгінде Қазақстан банктері тарабынан қарызды қайтаруға қауқарсыздық танытылып жатқан жайттарға тап боп отыр. Ал кезінде осы бұрынғы советтік республиканың банкілеріне ат-нөпір несиені үсті – үстіне төпелетіп, селдей жаудырғанында бұлар осының соңы не болады деп көп ойланбаған еді дейді «Блумберг» агенттігі.
Шетел кредиторларының бұндай белсенділігінне мұнай бағасының рекордтық деңгейде қымбаттап, ел экономикасының соңғы 8 жыл ішінде орта есеппен жылына 10 пайыз мөлшерде өсуі түрткі болған еді.
«Бритиш Петролеум» компаниясының деректеріне сай, әлемдегі мұнай қорының 3,2 пайызына ие болып отырған Қазақстанға салынған инвестициялар көлемі былтырлары 25 пайыздайға артып, 10,7 миллиард долларға жеткен.
Нью-Йорктағы «Си-И-Ай-Си дейта» фирмасының талдауына қарағанда, бұл экономикасы тез дамып бара жатқан 21 елдің ішінен Қазақстанның өзін несиемен қамтамасыз ету ісінде бесінші орынды иемденіп отырғанын білдіреді.
ТӘУЕКЕЛІ ЕҢ ЖОҒАРЫ ҰЛТТЫҚ НАРЫҚТАР
Қазба байлықтарының бағасы нарықта құлдырап кетуі себепті салымшылар инвестиция құю әрекетін доғарды, ал банктер қайта қаржыландыруға қол жеткізу ісінде өте қиын ахуалға тап болды. Қазақстанның банктері өзінің 41 миллиард доллар қарызының 40 пайыз мөлшерін алдағы 12 айдың ішінде қайтарып үлгіруі керек деп атап көрсетеді «Блумберг» агенттігі.
Әлемдегі банк дағдарысы салдарынан Қазақстан дүниежүзі бойынша ұлттық экономикаға салым салудың тәуекелділігі көрсеткіші жөнінен 8-ші орынды иемденіп отыр. «Ес Эм Эй» жүйесі бойынша алынған деректерге қарағанда, несиелік міндеткерліктерден бас тарту свопы Қазақстанда 495 пункттің деңгейінде қалып отыр.
Бұның мәнісі мынаған кеп саяды: құны 10 миллион доллар тұратын ұлттық облигациялардың төлем міндетінен туындайтын қарызды қайтару жөнінен дефолтқа жол бермес үшін Қазақстанға 5 жыл бойы жыл сайын 495 миллион доллар төлеп отыру қажет, ал бұл Ресей мен Ливандағы көлемі дәл осындай төлемдерге қарағанда айтарлықтай көп.
Қазақстан Ұлттық банкінің деректері бойынша, БТА мен (елдегі ауқымы жөнінен төртінші орын алатын) «Альянс Банктің» еншісіне Қазақстан банктерінің кредиторлар алдындағы жалпы қарызының 40 пайыздық үлесі тиесілі екен.
Басшылығының кеңсесі Алматы қаласында қоныс тепкен «Альянс Банк» осы жылдың сәуір айының 13-ші күні несие берушілерге тиісті өзінің қарызын төлеуді тоқтатқан болатын. Бұл шара оның бухгалтерлік балансында көрсетілмеген 1,1 миллиард доллар қарызы бар екені белгілі болғаннан кейін қолданылған. Банк «Лазард лимитед» фирмасын өзінің қарыздарын қайта құрылымдауда кеңес берер компания ретінде жалдаған болатын.
Дегенмен, «Альянс Банк» елдегі дефолт жариялаған 3 банктің ішінде бірінші болып өзінің кредиторларымен қарызды қайтару ісі жөнінен келісімге келіп отыр. Ал БТА мен «Астана Финанс» әлі келісімге келе алмай жатыр.
Мемлекеттік «Самұрық – Қазына» қорының кеңесшісі Марсия Фавале-Тартер маусымның 30-ында: «Альянс Банктің» қарызын қайта құрылымдау жөніндегі «Лазард лимитед» компаниясының істеріне көңіліміз толады», – деп мәлімдеген. «Самұрық – Қазына» қоры БТА банктің үкімет қарамағындағы 75,1 пайыздық акциясын басқарады деп жазады «Блумберг».
«Альянс Банк» қайта құрылымдау жөніндегі өз жоспарын Қазақстанның несие мекемелерінің іс-әрекетін реттейтін ресми орындарға шілденің 15-і күні көрсетпек. Шілденің 8-інде таратылған мәлімдемеге қарағанда, «қайта құрылымдаудың сәтті аяқталуын» күтіп отырған «Самұрық – Қазына» қоры «Альянс Банктің» де акцияларының бақылаушы пакетін иемденуге бел буып отырған көрінеді.
Кредиторлармен арада жасалған өзара түсіністік жөніндегі меморандумға сай, «Альянс Банк» несие берушілерге 500 миллион доллар қолма-қол ақшаны төлеуге ұсыныс жасап отыр, алайда кредиторлар бұл үшін өздері берген қарыздың 77,5 пайызының енді қайтып қайтарылмайтынына келісім беруі тиіс.
«Альянс Банк» өкілдерінің мәлімдеуінше, осы жолмен банк өзінің 1,85 миллиард доллар көлеміндегі қарызын қайтаруға үміт етіп отыр деп атап көрсетеді «Блумберг» сайты. Сонымен қатар, кредиторлар өздерінің банктегі қарызын жаңадан қайта рәсімделген қарыздарға айырбастай алады.
Бұл жаңа қарыз беру келісім – шарты бойынша, оларға «Альянс Банк» 7 жыл бойы жылына 5,8 пайыз мөлшерінде төлем төлеп отырмақ, әрі кредиторлар қарыздарының көлемінің азайтылғаны туралы тиісті қолхат алмақ. Есесіне кредиторлар өздері берген несиенің 50 пайызын қайтарып алудан бас тартуға келісетіні жайлы келісім – шартқа қол қоюы тиіс.
ҮКІМЕТ ЕНДІ ЕЛДЕГІ ІРІЛІГІ БОЙЫНША ТӨРТІНШІ ОРЫНДАҒЫ БАНКТІ ТОЛЫҚ ИЕМДЕНБЕКШІ
Немесе, балама ретінде, кредиторлар өзінің қарызының барлық көлемін 10 жыл ішінде қайтарып алуды көздейтін жоспарға келісімін бере алады. Бұл жоспар бойынша, өзінің қайтаратын несиесінің бас бөлігі бойынша төлемді тек жеті жыл мерзім өткеннен соң ғана қайтарып ала бастайды, ал әуелгі жеті жылда жылына 4,7 пайыз мөлшерінде төлем алып отырмақ. Одан кейінгі мерзімде оларға қарыздың басты сомасы әрі капиталдандырылған төлемдер төленбекші.
Аты аталған мекеме өкілдерінің айтуына қарағанда, екінші дәрежелі кредиторлар алдындағы қарызын банк 13 жыл бойы жылына 5-тен 10 пайыз аралығындағы мөлшерде төлем төлеп отыру арқылы қайтаруды көздейді.
Банктің мәлімдемесіне сәйкес, банктің қарызын қайтарудың жаңа режиміне келісімін берген кредиторларға бұған қоса «Альянс Банктің» артықшылықты және кәдуілгі акцияларының 33 пайызы берілетін болады. Алайда, бұл үшін олар, сонымен қатар, өз несиесін қайтару көлемінің әуелгі мөлшердегіден 75-тен 80 пайыздық мөлшерге дейін азайтылуына келісімін беруі тиіс.
«Альянс Банк» қарызын қайтару жөніндегі келісім – шартқа Лондонда маусымның 29 - 30-ы мен шілденің 6 - 7-сі аралығында өткен кредиторлар комитетімен кездесулер барысында қол жеткізілген деп атап көрсетеді «Блумберг».
Банктің таратқан баспасөз хабарламасының мәтініне қарағанда, комитеттің құрамына Азия даму банкі, «Кальон» инвестициялық банкі, «Коммерцбанк АГ», Германияның дамушы елдерге тіке инвестиция тартуға қолдау көрсету жөніндегі қоғамы, «Азия банкі», «Эйч - Эс - Би - Си» холдингі, «Джей - Пи Морган Чейз банкі», «Сумитомо Мицуи банкі» және «Ваховиа банкі» енеді екен.
«Қазақстанның бүкіл банк секторы (қарыз беру ісінде) өз мүмкіндігінен асыра сілтеп жіберді, енді міне соның зардабын көріп жатыр», – дейді Лондондағы «Абердин Ассет Менеджмент» компанииясының қаржы менеджері Макс Уалмэн.
Бұл менеджер осы компанияда дамушы нарықтарға салынған 4 миллиард долларлық қарыздарға меңгерушілік етеді. Уалмэннің айтуынша, «Абердин Ассет Менеджмент» бұрындары БТА - ға да қарыз беріпті, алайда сонау 2006 жылы-ақ компания өзінің БТА банктегі несиесін сатып жіберіп, бұл істен құтылған екен деп атап көрсетеді «Блумберг» агенттігі.