ҚАРАҒАНДЫ ЖӘНЕ КАРЛАГ
Кезінде Карлаг, Қазақстанның орталығында солтүстігі мен оңтүстігіне шейін 300 шақырым, шығысынан батысына шейін 200 шақырым
Екатерина Кузнецова, журналист. Карлагтың тарихы туралы үш кітаптың ауторы. http://karlag.kz сайтындағы сурет.
жерді алып жатты. Ал Ақмола және Балқаш бөлімшелерін қосып есептегенде, оның ауқымы Францияның жер көлемімен теңеcетін деген мәліметтер бар. Карлагтың тарихын зерттеумен 20 жылдан астам уақыт айналысқан Екатерина Кузнецова, Карлаг туралы үш кітаптың құрастырушысы. «Карлаг. По обе стороны «колючки» кітабы үшін 2002 жылы Қазақстан журналистер Одағының сыйлығын иеленген журналист.
– Карлагтың құрылуының басты себептерінің бірі – ірі азық-түлік базасын құру мен Орталық Қазақстандағы жақсы қарқынмен дамып келе жатқан өнеркәсіпке, оның ішінде Қарағанды көмір бассейніне тегін еңбекті жаппай пайдалану еді, – деп бастады өз әңгімесін Екатерина Борисовна.
– Қарағандының үш ауданында – Тельман, Жаңа арқа және Нұрада 1930 жылы НКВД-ның ең ірі еңбекпен түзету лагері құрылды. Құжаттарда ол – НКВД-ның Гигант совхозы деп аталды.
Аталмыш совхоздың негізінде кейін 1931 жылдың 19 желтоқсанында Карлаг құрылған болатын. Қарағанды қаласынан 45 шақырым қашықтықтағы, орталығы Долинка селосы болған Карлаг Гулагқа қарайтын 36 еңбекпен түзету лагерлерінің ең үлкені және танымалы болған.
БОТҚА МЕН БІР ЖАПЫРАҚ НАН ҮШІН...
– Совет одағына қарасты ұлттық аймақтарды отарлау барысында арзан еңбек күші қажет болды. Бір кесе ботқа мен бір тілім нан үшін
ГУЛАГ-тағы көптеген лагерлердің біріндегі тұтқындар жұмыс кезінде. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы сурет.
мыңдаған тұтқындар елдің ұлттық байлығын жасады. Бұл жолда Орталық Қазақстанның кең байтақ жерінде орналасқан Карлаг та шет қалған жоқ.Қарлагтың өз ішінде 29 бөлімше болған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «халық жауы» деп тұтқындалғандардың санын қосылған территориялардан ұсталғандар, эмигранттар, Гитлер лагерлеріне тұтқынға түсіп қалған совет әскерилері толықтырды.
Дегенмен Карлагтың негізгі бөлігін «саяси» - «халық жауы» деп сол кездегі қылмыстық Кодекстің 58 бабы бойынша тұтқындалғандар құрады. Карлаг жұмыс істеген 28 жыл ішінде 999 мың адам лагерге тап болған. Алайда, олардың бірі ауырып көз жұмды, ендігілері атылып кетті, тағы бір бөлігін басқа лагерлерге ауыстырған. Айта кету керек, олардың барлығы тегіс саяси тұтқындар емес еді.
АТЫЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ БІРНЕШЕ МЫҢНАН АСАДЫ
– Қарағанды облысы мен Карлагта аталған 58 бап бойынша 1932 – 1951 жылдар аралығында НКВД органдары 5 мың адамды атып тастады. Бұл жөнінде нақты деректер бар.
Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұтқындалғандар бүгінде бақилық болып кеткен. Көзі тірілердің басым көпшілігі соғыстан кейін тұтқындалғандар. Олардың өзі қазір бірталай жасқа келіп қалды.
Негізінен олар – литвалықтар, латыштар, эстондықтар мен қолына қару алып совет үкіметіне қарсы шыққан батыс украиндықтар. Қарағандыда тірі қалған Карлагтың бұрынғы тұтқындарының санын нақты айта алмаймын, дегенмен меніңше олардың саны 400 адамды құрауы мүмкін.
ҰМЫТУҒА БОЛМАЙТЫН ҚАСІРЕТ
– Мен бұл жұмысты бастамас бұрын – өз зерттеулерімде аты көпшілікке мәлім белгілі әрі танымал азаматтар туралы айтпаймын деп шештім. Себебі, мені ең бастысы - қарапайым азаматтардың тағдыры қызықтырған еді, өйткені, тұтқындардың басым көпшілігі саясатпен
«Мамочкино бейіті» – Қарағанды лагеріндегі тұтқындардың сәбилері жерленген зират. Қарағанды облысы, Долинка кенті, қыркүйек, 2006 жыл.
шаруасы жоқ, тіпті ешқашан газет оқымаған, қарапайым, өмірінің барлығын үкіметке адал қызмет етуге арнаған жандар болды. Әрине, Карлагта белгілі зерттеушілер, дәрігерлер мен суретшілер де болды, дегенмен олардың аттары тарих беттерінен өз орнын тауып, оларды зерттейтіндер табылады. Ал, қарапайым азаматтар ұмыт болып қала бермек. Менің мақсатым - сондай азаматтардың халқы мен мемлекеті алдында адал болғандарын дәлелдеу.
Менің ендігі мақсатым – бүгінгі жас ұрпаққа тарихтағы осы бір қасіретті жылдар туралы жеткізу. Жастар, Совет одағында орын алуы мүмкін ең сорақы нәрсе орын алғандығын білсін, яғни – үкімет өз халқын өзі жойғанын білсін. Сталиннің сол кездегі қылмысы Гитлердің жасаған қылмысынан асып түсті, – деп аяқтады өз әңгімесін Екатерина Кузнецова.
Төменде Карлагтың бұрынғы тұтқындарының естелігі келтірілді.
ТЕРЕҢ ШҰҢҚЫР ҚАЗДЫҚ...
Тұтқындарды қалай жерлегенгені туралы айтып берейін. Тәулігіне бірнеше адам қайтыс болып жатты. Кемінде 20-25 адам сиятындай терең әрі кең шұңқыр қазылып, оған жалаңаш денелер, аяқ-қолдары мен бастары лақтырылды.
Бұлар – денесіне терісі жабысып қалған қаңқалар ғана еді. Бір тәулікте қайтыс болатын адамдардың көп болатындығы соншалық, олардың барлығына бірдей қабыр қазуға мүмкіндік болмайтын. Себебі, жағдай тіпті нашар еді. Аштық, қақаған суық, ауыр жұмыс.
А.Михайловская, Қарағанды, 1989 ж.
БАЛАЛАР ҚАЛАШЫҒЫ...
Есімде, Долинканың маңында советтік кезеңде «Карагандинскиий» совхозының орталығында жасы үлкен әйелдер зонасы мен балалар қалашығы болған. Ол қалашықта тұтқындалғандардың 2 жасқа дейінгі балалары жататын. Баласын тамақтандыруға аналарды күзетшілер алып барып, алып келетін.
Балалар өлімі көп болатын. Суық дәлізде бірнеше бөшке тұратын. Онда қайтыс болған бүлдіршіндердің өлі денесін тастайтын, оның арасында егеуқұйрықтар да жиі кездесетін.
Бір топ өлі денелерді жинастырып қалашықтан алыс емес жерге алып барып көметін (ол зират 2005 жылға дейін бар болған). Ол «Карагандинский» совхозындағы № 5 маршруттың соңғы аялдамасы.
Ал аялдамаға қарама-қарсы жерде тұтқындалған әйелдерді көметін. Бүгінде ол жер қоқыс тастайтын орынға айналған. Тұтқындалғандар мен балаларды топтап көметін, басына тек нөмері жазылған кішкене таяқ қойылатын.
Барковская Мария Николаевна, 1914 жылы туған, 1940 жылдың 5 мамырында Долинкада Барковская Тамара есімді қыз баланы дүниеге әкелген.