АРХЕОЛОГ ПЕН ШЕНЕУНІКТІҢ ДӘЛЕЛДЕРІ
Астаналық археолог Виталий Волошин қазіргі заманғы өнер мұражайының тапсырысы бойынша көне балбалды – тас мүсінді қазып алып, Қазақстанның жаңа астанасына әкелген. Қазір енді бір мемлекеттік орган әлгі тарихи байлықты өз орнына – Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қарағайлы ауылына қайта әкеліп қоюды талап етсе, екінші орган Волошинді қорғауда.
Ақмола облысындағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Ибраев Азаттық радиосына:
– Ең алғашқы болып белгі берген Қарағайлы ауылының зейнеткері Құсайын Дүйсенов болды. Ол әлдекімдердің көне жол-жоралық ескерткіштің төңірегінде қазба жұмыстарын жүргізіп жатқанын қыркүйек айында ауыл әкіміне хабарлаған, – деді.
Талғат Ибраевтың айтуына қарағанда, ол кісі әлгі ескерткіштің орнына қайтарылуы үшін әдейі баспасөзде шу көтерген.
– Қазақстанның «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» заңына сәйкес, ондай жұмыстар жүргізу үшін археолог жергілікті атқару органын хабардар етуге міндетті, ал ол өйтпеген және ондай жәдігерлерді орнынан қозғауға тыйым салатын аталмыш заңның 38-бабын бұзған.
Астанадағы қазіргі заманғы өнер мұражайының директоры Нелли Шиврина Азаттық радиосы тілшісімен әңгімелесу барысында даулы жәдігерді әкелуші Виталий Волошинді қорғап сөйледі:
– Волошин – неолит пен палеолит жөнінен сирек кездесетін маман, әрі-беріден соң ол 40 жылдық тәжірибесі бар беделді маман.
Азаттық радиосына археолог Виталий Волошинның тапсырған құжаттардан көрінетіні: 160 мың теңге сомасындағы келісім-шарт 2009 жылдың 14 қыркүйегінде жасалынған, ал 15 қыркүйекте қазба жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар жұмысшы топ өзіне жүктелген міндеттемені орындауға кірісіп кеткен.
Қазан айының басында-ақ Астанадағы мұражайдың кіре берісіне аутокөлікпен 700 килограмдық тас мүсінді жеткізіп салған ғалым Виталий Волошин Азаттық радиосына өзі жасаған экспедиция жайында әңгімелеп берді:
– Тиісті жерге жетіп, ғылыми зерттеу жүргізіп едік, біз ескерткіштің жартылай қираған жағдайда екенін білдік.
Виталий Волошиннің айтуына қарағанда, қазба орнында тағы соқаның қалдықтары табылған, сол себепті ол осы бір жол-жоралғылық орынды бір кездері әлдебір тракторшы ашпақшы болған деп санайды.
Виталий Волошин ҚазТАГ ақпарат агенттігінің «тас мүсіндер, яғни, балбалдар – біздің заманымыздың 7-8-ші ғасырларының антропоморфты тас жәдігерлерінің тобы 2009 жылдың қыркүйегінде археологиялық барлау жүргізу кезінде Ерейментау даласынан табылды» деген хабарламасымен үзілді-кесілді келіспейтінін айтады.
– Тас қашамаларды мен 2000 жылы тапқанмын, – дейді археолог. Ол өз сөзіне дәлел ретінде тарихи жәдігердің жанында тұрғаны бейнеленген сандық технологияға дейінгі түрлі-түсті фотосуретті көрсетеді.
АЛҒАШ АШҚАНДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Ал «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану орталығының» директоры Талғат Ибраев болса Виталий Волошинның тарапынан кәсіби қызғаныштың болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
– Биылғы жылдың жазында алматылық археолог, Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкері, түрколог маман Айман Досымбаева бастаған экспедиция Қарағайлы ауылына жақын маңайда орта ғасыр қорғандарын қазып, жұмыс жүргізді. Ол сол кезде балбал тастардың да техникалық паспортталуымен айланысты, – деді Талғат Ибраев.
Өз кезегінде археолог Виталий Волошин: «Қазба жұмыстарынан кейін біз ғылыми есеп жазамыз, сол бойынша ескерткіш қорғауға
Виталий Волошин ары қарайғы зерттеуге берілетін рұқсаттың ғалымдар арасында әділетсіз үлестірілуі арқылы алғашқы ашушылардың құқығы тапталады деп біледі.
Астананың қазіргі заманғы өнер мұражайының директоры Нелли Шиврина Азаттық радиосына былай дейді:
– Әлгі ескерткіштерді алғаш тапқан адам Волошин, ал, енді келіп, ол атақты орта жолдан қосылған әлдебір археологтар иеленуде. Біздегі экспонаттардың уақыты ХІХ ғасырдың аяғы, бірақ, мен осы мұражайдың кіреберісіне немесе көрмесіне қазақ халқының ата-бабасының ескерткішін қоюды армандап едім. Сонда ол ұрпақ сабақтастығына арқа сүйеген осы заманғы өнерді түсінуге кіріспе болар еді.
Ескерткішті байырғы орнына қайтару туралы нұсқаудың түсуін күтіп отырған астаналық мұражай директоры Нелли Шиврина өз әрекетіндегі ниет-пиғылды осылайша түсіндіреді.
ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ МҰРА БОЛҒАНЫ МА?
Астананың шет жағындағы өзінің екі бөлмелі аскеттік «хрущевкасында» тұратын Виталий Волошин өзіне сүйікті ежелгі тарихи кезең үшін еткен еңбегінің ақталмағанына ренжулі:
– 2000 жылдан бастап ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенім үшін бір теңге де алған жоқпын. Сонда біз қалай өмір сүреміз? 2006 жылы мен жұмыссыз қалдым, өйткені қазіргі астаналық мұражайларды палеолит экспонаттары қызықтырмайды, оларды темір ғасырының қорғандары, түрік кезеңі және орта ғасырлар қызықтырады.
Оның айтуынша бүгіндері әлемдік археологияда көне адамның тегі жөніндегі тарих саласында өте күшті бәсеке бар.
– Бүгіндері батыстың ғалымдары адам Африкадан шыққан, себебі африкалықтар ештеңеге таласа алмайды деп отыр. Бірақ, Қытай екі миллион жылға баратын көне адамның іздері табылғаны туралы мәлімдеген кезде бәрі өзгеріп сала берді, – дейді Виталий Волошин.
Оның пікірінше «қытай адамы» деп аталып кеткен әлгі жәдігер мәселенің саяси қырын түбегейлі өзгертеді.
– Астанадан 120 шақырым қашықтықта жатқан Батпақта жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша мен 1980 жылдардың аяғында-ақ халықаралық конференцияларда Қазақстан аумағынан біржарым миллион жылға баратын көне адамның іздерін тапқанымыз жөнінде хабарлап жүрдім. Сол кезде қытайлықтар үндеген жоқ, ал, мен бекерден бекер өмірімнің 20 жылын жоғалттым, – дейді Валерий Волошин, ғажап тұғырдың қайда екенін әріптестерінен жасырмастан.
Оның айтуынша ашқан жаңалықтарының болашақтағы құндылығы сонда, ол көне адамның, тіпті, біздің заманымызға дейінгі 2 миллион жыл бұрын бүгінгі Қазақстанның аумағында өмір сүргенін дәлелдейді.
Сол жаңалықтан кейін Астанада бүкіл әлемнің алдыңғы қатарлы археологтарын шақырып, келулерін өтінбей-ақ, «екі өкпесін қолына алып, өздері жетіп келетіндей» ғылыми симпозиум өткізуге болады деп санайды Виталий Волошин.
– Ғылыми жаңалықты тұжырымдауға қымбат анализдер жасалатындықтан, маған 10 миллион теңге қажет, – дейді археолог.
Оның сөздеріне қарағанда ол тек мемлекеттің тапсырысы бойынша және алдағы зерттеулердің нәтижесі туралы еңбектерге қосымша аутор есебінде оның атын қосатын болса ғана жаңа ескерткіштер табуға дайын.
Тас ғасыры жөнінен маман Виталий Волошин «қандай ғана жаңалықтың алдында тұрғандарын» түсіне алмайтын мәдениет министрлігінің шенеуніктеріне таңғалады.
Болашақтағы экспедициялардың нәтижесі жайында ештеңе айта алмайтынын мәлімдеген Астанадағы осы заманғы өнер мұражайының директоры Нелли Шиврина әлемдік деңгейдегі ескерткіштің табылатынына күмән келтіреді.
АСТАНАҒА – КӨШІРМЕСІ
Даудың шешілу жолы жөнінде «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Ибраев Азаттық радиосына былай мәлімдеді:
– Бес балбалды қарап, сақтауға байланысты қорғау міндеттемесін мен ауыл әкіміне жүктедім. Енді ауыл әкімі учаскелік инспектормен және жергілікті белсенділермен бірлесіп, қоғамдық байлықтың амандығына жауап беретін болды.
Оның ақпараты бойынша Ақмола облысының аумағынан Орталықтың мамандары 49 көне заман ескерткішін тапқан, ол жәдігерлердің GPS-координаттары анықталған, «енді жергілікті жер комитеті ешқашан да ол аумақтарды шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін ешкімге бермейді».
Шенеунік ескілікті тамашалағанды сүйетін астаналықтар мен археолог-мамандарға тарихи жәдігердің көшірмесін жасап, Қазақстан тарихын насихаттау үшін Астана жеріне еркін орната беруге кеңес береді.
ДҮКЕНДЕГІ РАРИТЕТТЕР
Виталий Волошин, оның тура өзге де әріптестері секілді «қара археологияға» қатысты сұрақтарды жақтырмайды. Бар болғаны өмір бойғы ғылыми қызметінде «бір де бір раритет сатпағанын» мәлімдеді, бірақ, өзінің кейбір аңдап қалған нәрселері туралы ойын жеткізді.
Оның сөздеріне қарағанда қарау ескілік жинақтаушылар Қазақстанда анық бар және олар жақсы жасырынады. Мәселен, ол бірде Okan Intercontinental Astana қонақ үйінің антикварлық бөлімшесінен анық археологиялық маңызы бар қанжар көрген.
– Демек, ондай дүкендерді біреулер жабдықтайды және олардың сатып алушылары бар деген сөз, – деп тұжырымдайды археолог.
Анықтама:
«Балбал» сөзін ең алдымен «мүсін» немесе «жазбалы тас» деп аударған жөн болар. Бұл – өзінің ұрпақтарын қолдайтын, желеп-жебейтін, тағдырына араласатын дүниеде жоқ бабаның тас кейпі деп хабарлайды kyrgyzstantravel.info сайты.
Түріктік ұғым бойынша күш немесе билік белгісі ретінде балбал қолына көзе не семсер ұстап тұруы керек. Түрік балбалдарының абрисі (немесе контуры) ауыр салмақты боп келсе де бет-әлпеті анық болады. Көбіне мұрыны, түнеріңкі көздері мен қастары анық көрінеді. Пішіні, әдетте мойынсыз, бірақ, иықтары көтеріңкі және иегі төмен түсіңкі болады. Көп мүсіннің арқасына бұрым қашалған, бұрымның саны бойынша қай түрік тайпасына тиесілі екенін білетін болған.
Астаналық археолог Виталий Волошин қазіргі заманғы өнер мұражайының тапсырысы бойынша көне балбалды – тас мүсінді қазып алып, Қазақстанның жаңа астанасына әкелген. Қазір енді бір мемлекеттік орган әлгі тарихи байлықты өз орнына – Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қарағайлы ауылына қайта әкеліп қоюды талап етсе, екінші орган Волошинді қорғауда.
Целлофанға оралған тас жәдігер Астанадағы қазіргі заман мұражайының іргесінде жатыр. 22 қазан 2009 ж.
Көненің жәдігері бұл уақытта Астанада целлофанға оралып, мұражай алдында жатыр. Балбалдың беті, анығырақ айтқанда, оның бетіндегі целлофан үстінен құрылыс тақтайшасымен бастырылған.Ақмола облысындағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Ибраев Азаттық радиосына:
– Ең алғашқы болып белгі берген Қарағайлы ауылының зейнеткері Құсайын Дүйсенов болды. Ол әлдекімдердің көне жол-жоралық ескерткіштің төңірегінде қазба жұмыстарын жүргізіп жатқанын қыркүйек айында ауыл әкіміне хабарлаған, – деді.
Талғат Ибраевтың айтуына қарағанда, ол кісі әлгі ескерткіштің орнына қайтарылуы үшін әдейі баспасөзде шу көтерген.
– Қазақстанның «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» заңына сәйкес, ондай жұмыстар жүргізу үшін археолог жергілікті атқару органын хабардар етуге міндетті, ал ол өйтпеген және ондай жәдігерлерді орнынан қозғауға тыйым салатын аталмыш заңның 38-бабын бұзған.
Астанадағы қазіргі заманғы өнер мұражайының директоры Нелли Шиврина Азаттық радиосы тілшісімен әңгімелесу барысында даулы жәдігерді әкелуші Виталий Волошинді қорғап сөйледі:
– Волошин – неолит пен палеолит жөнінен сирек кездесетін маман, әрі-беріден соң ол 40 жылдық тәжірибесі бар беделді маман.
Азаттық радиосына археолог Виталий Волошинның тапсырған құжаттардан көрінетіні: 160 мың теңге сомасындағы келісім-шарт 2009 жылдың 14 қыркүйегінде жасалынған, ал 15 қыркүйекте қазба жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар жұмысшы топ өзіне жүктелген міндеттемені орындауға кірісіп кеткен.
Қазан айының басында-ақ Астанадағы мұражайдың кіре берісіне аутокөлікпен 700 килограмдық тас мүсінді жеткізіп салған ғалым Виталий Волошин Азаттық радиосына өзі жасаған экспедиция жайында әңгімелеп берді:
– Тиісті жерге жетіп, ғылыми зерттеу жүргізіп едік, біз ескерткіштің жартылай қираған жағдайда екенін білдік.
Виталий Волошиннің айтуына қарағанда, қазба орнында тағы соқаның қалдықтары табылған, сол себепті ол осы бір жол-жоралғылық орынды бір кездері әлдебір тракторшы ашпақшы болған деп санайды.
Виталий Волошин ҚазТАГ ақпарат агенттігінің «тас мүсіндер, яғни, балбалдар – біздің заманымыздың 7-8-ші ғасырларының антропоморфты тас жәдігерлерінің тобы 2009 жылдың қыркүйегінде археологиялық барлау жүргізу кезінде Ерейментау даласынан табылды» деген хабарламасымен үзілді-кесілді келіспейтінін айтады.
– Тас қашамаларды мен 2000 жылы тапқанмын, – дейді археолог. Ол өз сөзіне дәлел ретінде тарихи жәдігердің жанында тұрғаны бейнеленген сандық технологияға дейінгі түрлі-түсті фотосуретті көрсетеді.
АЛҒАШ АШҚАНДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Ал «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану орталығының» директоры Талғат Ибраев болса Виталий Волошинның тарапынан кәсіби қызғаныштың болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
– Биылғы жылдың жазында алматылық археолог, Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкері, түрколог маман Айман Досымбаева бастаған экспедиция Қарағайлы ауылына жақын маңайда орта ғасыр қорғандарын қазып, жұмыс жүргізді. Ол сол кезде балбал тастардың да техникалық паспортталуымен айланысты, – деді Талғат Ибраев.
Өз кезегінде археолог Виталий Волошин: «Қазба жұмыстарынан кейін біз ғылыми есеп жазамыз, сол бойынша ескерткіш қорғауға
Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қарағайлы ауылы аумағындағы археологиялық қазба. 21 қыркүйек 2009 жыл (археолог Виталий Волошин түсірген сурет).
алынып, мемлекет меншігіне айналады, қазба жұмыстарымен ары қарай кімнің айналысатынын да мемлекет өзі шешеді», – дейді.Виталий Волошин ары қарайғы зерттеуге берілетін рұқсаттың ғалымдар арасында әділетсіз үлестірілуі арқылы алғашқы ашушылардың құқығы тапталады деп біледі.