Қазақстанға мамырдың 5-і күні БҰҰ-ның азаптау мен басқа да қатыгез жазалаулар бойынша арнайы баяндаушысы Манфред Новак ұшып келді. Мұнда 8 күн болатын мәртебелі қонақтың жоспары тығыз болғалы тұр. Ол үкімет мүшелерімен, азаматтық қоғам белсенділері және халықаралық ұйым өкілдерімен кездесіп, бостандығынан айрылған адамдар отырған қамау орындарын араламақ.
БҰҰ-ның арнайы өкілі Қазақстанға үкіметтің шақыруымен келіп отыр. Сапар барысында көрген-білгендерін ол адам құқықтары бойынша БҰҰ Кеңесінің кезекті сессиясы қатысушыларының талқылауына береді.
Ал онымен кездеспек боп отырған елдегі құқыққорғаушылар елдегі қысым көрсету жағдайлары мәселелеріне алаңдаушылық білдіріп отыр. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанда қысым көрсету жағдайы бойынша шешілмей қордаланып қалған мәселелер көп.
Біріншіден, «қысым» ұғымының мағынасы Қылмыстық кодексте толығымен ашылмаған. Соның салдарынан, азаптау шараларын қолданған адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі оңайға түспейді.
Көбіне мұндай қылмысқа тартылған адамдар «өз қызмет бабын асыра пайдаланған» деген сияқты жеңіл жаза түрлеріне тартылып келетін көрінеді. Екіншіден, азаптау шараларының болғанын дәлелдеу оңай емес. Қазақстанда қысымға ұшырағанның дәлелі ретінде ауыр дене жарақаты саналады.
Қазақстандық адам құқығын қорғау және заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі бюроның жетекшісі Евгений Жовтистің айтуынша, Қазақстанда бостандық шектелетін 600-ге тарта институт бар. Барлығында да қысым көрсетуге тыйым салынса да, үнемі бұл қағида сақтала бермейді дейді ол.
– Егер түрмеде отырған сотталушыларды алатын болсақ, біріншіден, оларды ұстау тұрғысынан алғанда сотталушылар қамалатын мекемелердің совет кезінде салынғанын ескерсек, барлық жағынан олар ешқандай сын көтермейді. Екінші мәселе – тұтқындармен қарым-қатынас жасау. Жалпы, әлемде жазалау мекемелерінің негізгі мақсаты қайта тәрбиелеу болып табылса, бізде негізгі мақсат - тұтқындардың қашып кетпеуіне, оларды қатаң бақылауда ұстауға қатты мән беріледі. Тиісінше, ондағы тұтқындардың құқықтары сақталады деп айту қиын.
Сарапшылардың айтуынша, қысым фактілері бойынша жұмыс істейтін, ресми орындардан тәуелсіз орган құру керек. Әзірге бұл қызметті тек полиция қызметкерлері атқарып отырғандықтан, қысым фактілері әншейін тіркелуден ғана аспайтын көрінеді.
– Бұл сарапшылардың ойдан шығарып алған дүниесі емес, халықаралық ұйымдардың талабы. Қысым көрсету жағдайлары туралы хабарламаларды, азаматтар үстінен шағым түсірген орган яғни, құқық органдары зерттесе, әрине, бұл жерде шындыққа жету қиын екені түсінікті. Халықаралық стандарт бойынша, қысым жағдайларын тәуелсіз орган зерттеуі керек. Ал мұндай уәкілеттілікті қандай органға беру керек? Бұл басқа мәселе. Егер Ішкі істер министрлігі болмаса, онда бұл прокуратура. Кезінде прокуратураның құзырынан тергеу қызметі алынып тасталған болатын. Енді соны қайтару керек. Бұны қоғам қалай қарсы алады? Бұл да маңызды, – дейді Евгений Жовтис.
Өткен жылы БҰҰ-ның азаптауға қарсы факультативтік хаттамасына қол қойған Қазақстан Женевада өткен БҰҰ-ның қысымға қарсы Комитетінің жиынында комитет мүшелерінен ескерту алған болатын.
Атап айтқанда, қысым көрсеткен құқық органдарының жазасыз қалуы, қысым құрбандарының қорғансыздығы, қысым көрсету фактілері бойынша терең зерттеулердің және аталмыш қысымға қатысты үкім шығару тәжірибесінің жоқтығы сияқты жағдайларды атап көрсеткен болатын.
Қазақстан БҰҰ-ның қысымға қарсы Конвенциясы мен азаматтық және саяси құқықтары жөніндегі Халықаралық пактісіне қол қойған.