Accessibility links

Алматыда интернет-цензураға қарсы сот өтіп жатыр


Түрмеде отырған «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповтың зайыбы Раушан Есіргепова. Алматы, 19 тамыз 2009 жыл.
Түрмеде отырған «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповтың зайыбы Раушан Есіргепова. Алматы, 19 тамыз 2009 жыл.

Қазақстанда интернеттегі цензураға қарсы биылғы жылы мамыр айында ақпарат министрлігімен соттасу науқанын бастаған «Еркін Интернет үшін» қозғалысының белсенділері сайтқа тосқауыл қойғандарды анықтауға соттар да, министрлік те құлық танытпай отыр дейді.


СОТТАРДЫҢ СЫЛТАУЫ

Қазақстанның байланыс және ақпарат министрлігінің үстінен сотқа талап-арыз түсірген интернет пайдаланушылар маусымның 29-ы күні өткен сот отырысынан үміттеніп шығып еді. Сол отырыста министрлік өкілдері Қазақстанда сайттарға тосқауыл орнату проблемасын шешуге атсалысуға дайын сыңай танытқан тұғын.

Қоғам белсендісі Раушан Есіргепова кейбір сайттарға қарсы жасалып келе жатққан әлгіндей тосқауылды жоюға қажетті шараларды атқармай отыр деп Қазақстанның байланыс және ақпарат министрлігін сотқа берген-ді. Байланыс министрлігі өкілдері бұған өз жауабын
Өзіме ұнаған және өзім қызыққан сайттарды да дәл солай емін-еркін пайдаланғым келеді.
беруге тиіс болатын.

– Биылғы сәуірдің 10-ынан бері менің интернетті пайдалану және ақпаратты еркін алу құқтарым бұзылып отыр деп санаймын. Мен оқығым келетін газет-журналды, кітаптарды, көргім келетін телебағдарламаны өзім таңдай аламын. Өзіме ұнаған және өзім қызыққан сайттарды да дәл солай емін-еркін пайдаланғым келеді. Ол үшін мен бұл сайттарға анонимайзерлер арқылы емес, еш кедергісіз тікелей ашып кіре алатындай болуым керек. Сондықтан мен өз құқымды қалпына келтіруді жауапкерден талап еттім, – дейді Раушан Есіргепова.

Раушан Есіргепова секілді ғаламторды еркін пайдаланушылардың басын біріктіретін «Еркін Интернет үшін» қозғалысы Қазақстанда 2009 жылы наурыз айында құрылған. Биылғы мамыр айында қозғалыс белсенділері интернеттегі тосқауылдарға қарсы науқан бастады. Казнетті пайдаланатын 122 адам елдің байланыс министрлігінің үстінен сотқа шағымданды. Аймақтарда сот орындары әлгіндей отыз бес талап-арызды қабылдап алса, өзгелері әртүрлі сылтауларды алға тартып, қалған шағымдарды қараудан бас тартты. Алматы соттары талапкерлерден түскен екі арызды қабылдап алған-ды.

Раушан Есіргепованың талап-арызынан басқа, «Еркін Интернет үшін» қозғалысының тағы бір белсендісі Евгения Плахинаның шағымы да сотта жатыр. Бірақ оның талабын қарайтын сот отырысы жауапкердің келмеуі себепті бірнеше рет кейінге ысырылды.
Ал Раушан Есіргепованың шағымы бойынша осыған дейін сот мәжілісі екі рет өтті. Баспасөзді қорғайтын «Әділ сөз» ұйымының хабарлауынша, екінші сот отырысы кезінде байланыс және ақпарат министрлігінің өкілі Талғат Исмаиловтың айтқан сөзі талапкерді үміттендіріп тастаған.

Талғат Исмаиловтың айтуынша, министрлік бұл тосқауылдарға жауапты емес. Яғни, «лицензия беру туралы заңға сәйкес, министрлік тек лицензия берумен айналысады, ал телефония немесе интернет секілді деректер өткізу қызметі үшін лицензия иесі жауапты» болмақ. Дегенмен Талғат Исмаилов бұл сот процесі интернеттегі тосқауыл мәселесінің шешімін табуға көмектеседі деп айтып қалды.

«Біз өз құзыретіміз шегінде бұл проблеманы шешетін боламыз, біз провайдерлерге сауал жолдадық, бірақ әзір олардан жауап келмеді», – деді ол.

Бұған қоса министрлік өкілі осы даулы істе талапкер Раушан Есіргеповамен мәмілеге келу мүмкіндігін де жоққа шығармады. Талапкердің заңгері Сергей Уткиннің айтуынша, бұндай мәмілеге Казнетті пайдаланатындардың барлығы кетәрі емес. Егер министрлік бір айдың ішінде барлық жауаптарын алып, тосқауылға қатысты проблеманы жоятын болса, оларға өзге ешқандай талап болмас еді, дейді заңгер.

СЫНАҚТАН БАС ТАРТУ

Бірақ байланыс және ақпарат министрлігі өкілінің жаңағыдай пікірі аяқастынан құбылып шыға келді. Шілденің 7-і күні заңгер Сергей Уткин жауапкердің қарсы тараппен ешқандай мәмілеге бармайтыны туралы хабар алыпты. Заңгердің пікірінше, енді министрлік сот отырысында Интернетте ешқандай тосқауыл жоқ екендігін айтудан танбайды немесе бұл олардың айналысатын шаруасы емес дегенді көлденең тартады.

– Сонда қалай? Провайдер соттың шешімінсіз еш қымсынбастан сайтқа заңсыз тосқауыл орнатып тастайды, ал министрлік бұған мәу демейді. Олар кәсіпкерлік еркіндігі деген желеумен, бұл оларды тексеруге негіз бола алмайды, кәсіпкердің ісіне араласа алмаймыз деп әлгілерге дем бергендей болып отыр, – дейді Сергей Уткин.

«Еркін Интернет үшін» қозғалысының белсендісі Ирина Медникованың сөзінше, интернеттегі тосқауылдарға қатысты аймақтарда өтіп жатқан соттардың көпшілігінде бұл даулы істің анық-қанығына жетуге ынта байқалмайды, ол түгілі, сайттарға тосқауыл қойылғанын «дәлелдейтін негіз жоқтығын» айтады.

– Біз оларға іс жүзінде сынақ жасап көруді, яғни компьютерден кезекпен сайттарды ашып көруді ұсындық, осылайша тосқауылдың бар екеніне өздеріңіз көз жеткізіңіздер деген өтініш жасадық. Немесе сайттарды әртүрлі провайдерлер арқылы өз кеңсемізден ашып, қалай жұмыс істеп тұрғанын фотоға және видеоға түсіріп, хаттап, сіздерге әкеп тапсырайық дедік. Бірақ соттар бізден ондай құжат-деректерді қабылдаудан бас тартты, – деді Ирина Медникова.

Оның пікірінше, көп жағдайда тосқауыл қойылған сайттарда, оның ішінде «Живой журнал», «Республика» газетінің сайты және басқаларында, «билікке жақпайтын ақпарат» жарияланады.
XS
SM
MD
LG