Суға кеткендердің туыстары бұған құтқарушыларды кінәласа, олар ауа райының қолайсыздығы мен іздеуге арналған құрал-жабдықтардың әбден ескіргендігін алға тартты.
Қайғылы оқиға болған күні жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен ауыл тұрғындары – барлығы 6 кісі – екі адамдық қайыққа мініп көлдің бетінде жүзіп жүрген. Куәгерлердің айтуынша, олардың жағаға жетуіне 300 метрдей қалғанда қайық аударылып, қайықта болғандардың кейбірі суға бата бастаған. Оқыс жағдайды көрген жағадағылар дереу құтқару қызметіне хабар бергенімен, олар Балқаш қаласынан келіп жеткенше арада 6 сағаттай уақыт өткен.
Суға кеткендердің туған-туыстары құтқару қызметінің адамдарымен бірге көлді жағалап бірнеше күн жүргенімен көлге батқан екі адамның ғана денелерін судан шығарып, ал тағы екеуін таба алмаған. Іздестіру жұмыстарына көңілдері толмаған тұрғындар құтқарушыларды өз істеріне салғырттық танытты деп кінәлауда.
– Бұл құтқарушылар 5 сағат түскі ас ішеді, тағы екі сағат киінеді. «Құрылғылар ескі, катер жоқ» деген сылтау айтты. Одан қалса, қалай іздейміз деп өзімізден сұрайды, – дейді суға батып кеткен Жұмабай Жүкеновтың інісі Сералы Түлеубаев.
Оқиға орнындағы іздестіру жұмыстарының басы-қасында жүрген облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Насреддин Балтынов шынымен де Қарағанды облысында адам құтқаруға арналған қайықтың жоқтығын растады.
– Оқиға болған жерге 23-ші сәуір күні келіп жеттік. Бізде су астынан адам құтқаруға арналған қайық жоқ екенін мойындаймыз. Онымен қоса құтқарушылардың қазіргі колданып жүрген құрылғылары мен киімдері сонау 60-шы жылдардағы үлгілер. Осының салдарынан біздің құтқарушылар қазіргі суық күні, күніне әрі кетсе жарты сағат қана іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді Насреддин Балтынов.
628 шақырымға созылып жатқан көлде жалғыз ғана судан құтқару стансасы бар. Оның өзінде қайық жоқ көрінеді. Іздестіру жұмыстарына жұмылдырылып жатқан 9 қайықтың барлығы балықшылардікі.
Сералы Түлеубаев құтқарушыларды құлықсыз жұмыс істеді деп сөгеді.
– «Ау, тұрсаңдаршы, іздесеңдерші!» десек, олар: «қалай іздейміз, күн суық, жел тұр» деп, азар да безер болады. Осы күндері жел де ұрып тұр. Сол себептен, су астына түскен құтқарушы өзін жоғарыға тартып алу үшін шартты белгі бергенін толқыннан шайқалып тұрған қайықта отырып аңғару мүмкін емес көрінеді, – дейді Сералы Түлеубаев.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайық аударылған сәтте екі адам жағаға қарай жүзе жөнелген. Алайда жағаға жетпестен бата бастаған оларды көрген тағы екеуі солардың арттарынан ұмтылыпты. Бірақ, олар да, біршама қашықтық жүзіп өткен соң, әлдері құрып суға кеткен. Тек жүзе білмегендіктен, қайықтан ұстап қалған екеу ғана қастарына балықшылар жеткенше сол орындарынан қозғалмай аман қалыпты.
Тірі қалғандардың бірі Приозерск қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бастығы болса, екіншісі оның жүргізушісі екен. Осы жағдайлардан кейін құтқару қызметіндегілер мен Балқаш қаласының жергілікті билік өкілдері бірігіп, қаладағы «Балхашрыбнадзор» жеке меншік мекемесіне қарасты үлкен катерді жалдап, іздеу жұмыстарына кіріскен.
Нәтижесінде сәуірдің 30-ы күні Жұмағали есімді адам, ал 1-ші мамыр күні Жұмабай Жүкеновтің денелері табылған. Ал суға кеткен тағы 2 адам әлі күнге дейін табылған жоқ.
Қарағанды облысындағы Самарқан су қоймасында осыдан бір ай бұрын суға кеткен 2 адамның денесі де әлі табылмай жатыр. Оған да жоғарыда айтылған себеп – арнайы құрылғылар мен тағы да сол қайықтың жоқтығы қолбайлау болып отыр екен.