Шілденің 1-і күні таңертеңнен қаралы үйдің маңында жергілікті әкімшілік қызметкерлері мен «Тентек» шахтасының басшылығы да жүрді. 1978 жылы туған Рустам Поповтың артында 5 жасар қызы мен әйелі қалды. Апат шыққан лаваның аймағында жұмыс атқарып жүрген 31 жасар кенші жанындағы екі серігі - Артур Гук пен Николай Писменьчуктермен бірге қаза болған. Ал шахтада ес-түссіз жатқан жерінен табылған төртінші кенші - 27 жастағы Василий Штенцель қазір ауруханада жатыр. Оған метан газына уланған деген диагноз қойған дәрігерлер жігіттің әл үстінде жатқанын айтып отыр.
«Кеншілер отбасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Наталья Томилова кен орындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталмайтындығын айтады.
«Мен кеншілермен сөйлескенімде олар апат болған лавада қауіптің бұрыннан-ақ сезілетінін айтып берді. Олардың сөзінше, метан газының жайылуы осыған дейін 4 рет болған екен. Тек ол жолдары кеншілер одан өз күштерімен қашып шығып отырған. Бірақ, басшылыққа не керек – жоспарды орындау керек. Оның үстіне, кеншілердің айлықтары да дағдарысқа байланысты деген желеумен кесілген. Алайда жоспар азаймаған, – дейді Наталья Томилова.
Туыстарының айтуынша, осыдан 7 жыл бұрын шахтер боп жұмыс бастаған 25 жасар Артур Гук кәсібін біржолата ауыстырып, жақын болашақта біржолата Германияға кетуге құжаттарын қамдап жүріпті. Марқұм әлі шаңырақ көтеріп те үлгермеген. Ал, бүкіл ғұмырын шахтада өткізген Николай Писменьчук зейнетке шығуына 5 жыл уақыт қалғанын айтып жүреді екен. Оның артында әйелі, үш ұлы мен қызы қалды. Ұлдың үлкені әке жолын қуып шахтада еңбек етеді.
«Бүгінгі жерлеу рәсіміне толықтай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, қаза болғандардың отбасына материалдық көмек көрсету мәселесі де шешілді. Әрбір қаза болған кеншінің отбасына кеншілермен жасасқан ұжымдық келісімге сәйкес шығын өтеледі. Одан бөлек «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы басшылығының шешімімен әрбір қаза болған кеншілер отбасына 80 мың доллар көлемінде пәтер алу үшін қаражат беріледі және олардың отбасындағы балалардың жоғарғы оқу орындарында білім алулары үшін 850 мың теңге көлемінде қаражат төлеу қарастырылатын болады», – деді Қарағанды көмір департаменті жанындағы «Қорғау» кеншілер кәсіподағының төрағасы Марат Миргоязов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда «Тентек» шахтасынан көмір өндіру ісі тоқтап тұр. Лаваның ішінде апаттың салдарын анықтайтын арнайы комиссия құрамында Ресейдің Санкт-Петербург қаласы мен Алматыдан келген мамандар жұмыс істеп жатыр.
Шахтадан көмір өндіру үшін оның басқа жерінен лава қазу ісі де басталып кеткен. Мамандардың болжамы бойынша, «Тентек» шахтасындағы көмір өндіру ісі келесі айда ғана басталмақ.
«Менің күйеуім мен күйеу балам бірі – Ленин атындағы, енді бірі Шахтинск шахталарында араларына бір жыл салып болған апаттардан көз жұмды. Техниканы жаңартып жатырмыз дегендері бос сөз, оны кеншілер баспасөзге айтуға қорқады. Өйткені жұмыстарынан айырылғылары келмейді. Ал маған айтады. Ленин шахтасында болған апаттан қаза болған кеншілер отбасыларының көбі төлемдерге әлі күнге дейін қол жеткізе алмай жүр».
Наталья Томилова осы жерлеу рәсімдері аяқталған соң Қарағанды облысының әкімі мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығымен кездесіп, солардың алдында осы мәселелердің барлығын көтермек ниетте.
«Кеншілер отбасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Наталья Томилова кен орындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталмайтындығын айтады.
«Мен кеншілермен сөйлескенімде олар апат болған лавада қауіптің бұрыннан-ақ сезілетінін айтып берді. Олардың сөзінше, метан газының жайылуы осыған дейін 4 рет болған екен. Тек ол жолдары кеншілер одан өз күштерімен қашып шығып отырған. Бірақ, басшылыққа не керек – жоспарды орындау керек. Оның үстіне, кеншілердің айлықтары да дағдарысқа байланысты деген желеумен кесілген. Алайда жоспар азаймаған, – дейді Наталья Томилова.
Шахтадағы апаттарда қаза тапқан кеншілердің мәйіт қалдықтары жерленген бауырластар моласы. Шахтинск қаласы, 1 шілде 2009 жыл.
Рустам Поповтың денесі, Артур Гук пен Николай Писменьчуктердің денелерімен қатар, Шахтинск қаласындағы шахталарда апат кезінде қаза болған кеншілердің зиратындағы ескерткіштің жанына жерленді.Туыстарының айтуынша, осыдан 7 жыл бұрын шахтер боп жұмыс бастаған 25 жасар Артур Гук кәсібін біржолата ауыстырып, жақын болашақта біржолата Германияға кетуге құжаттарын қамдап жүріпті. Марқұм әлі шаңырақ көтеріп те үлгермеген. Ал, бүкіл ғұмырын шахтада өткізген Николай Писменьчук зейнетке шығуына 5 жыл уақыт қалғанын айтып жүреді екен. Оның артында әйелі, үш ұлы мен қызы қалды. Ұлдың үлкені әке жолын қуып шахтада еңбек етеді.
«Бүгінгі жерлеу рәсіміне толықтай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, қаза болғандардың отбасына материалдық көмек көрсету мәселесі де шешілді. Әрбір қаза болған кеншінің отбасына кеншілермен жасасқан ұжымдық келісімге сәйкес шығын өтеледі. Одан бөлек «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы басшылығының шешімімен әрбір қаза болған кеншілер отбасына 80 мың доллар көлемінде пәтер алу үшін қаражат беріледі және олардың отбасындағы балалардың жоғарғы оқу орындарында білім алулары үшін 850 мың теңге көлемінде қаражат төлеу қарастырылатын болады», – деді Қарағанды көмір департаменті жанындағы «Қорғау» кеншілер кәсіподағының төрағасы Марат Миргоязов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда «Тентек» шахтасынан көмір өндіру ісі тоқтап тұр. Лаваның ішінде апаттың салдарын анықтайтын арнайы комиссия құрамында Ресейдің Санкт-Петербург қаласы мен Алматыдан келген мамандар жұмыс істеп жатыр.
Шахтадан көмір өндіру үшін оның басқа жерінен лава қазу ісі де басталып кеткен. Мамандардың болжамы бойынша, «Тентек» шахтасындағы көмір өндіру ісі келесі айда ғана басталмақ.
Наталья Томилова, «Кеншілер отбасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Шахтинск қаласы, 1 шілде 2009 жыл.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жыл сайын шахталардағы техникалық құрылғыларды жаңартуға миллиондаған доллар көлеміндегі қаражат бөлініп жатыр деген сөздеріне «Кеншілер отбасы» қоғамдық қорының төрайымы Наталья Томилова күмән келтіреді:«Менің күйеуім мен күйеу балам бірі – Ленин атындағы, енді бірі Шахтинск шахталарында араларына бір жыл салып болған апаттардан көз жұмды. Техниканы жаңартып жатырмыз дегендері бос сөз, оны кеншілер баспасөзге айтуға қорқады. Өйткені жұмыстарынан айырылғылары келмейді. Ал маған айтады. Ленин шахтасында болған апаттан қаза болған кеншілер отбасыларының көбі төлемдерге әлі күнге дейін қол жеткізе алмай жүр».