НАЗАРБАЕВТЫҢ БАҒАЛАУЫНДАҒЫ ОРТА ТАП ҚАНДАЙ?
Биыл 8 қыркүйекте американдық «Вашингтон Таймс» газеті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Демократия өскінінің әлеуеті» атты мақаласын жариялады. Мақала авторы елдегі демократиялық дамуды тілге тиек ете отырып, Қазақстандағы орта тапқа қатысты пікірін де бір сөйлеммен білдіріп өтіпті.
«Демократиялық құндылықтарды, заң билігін, транспаренттілікті, толеранттылықты және сауда еркіндігін ұстанудың арқасында біз тұрақты мемлекет құрып, мықты әрі білімді орта тап қалыптастырдық» деп жазды президент Назарбаев.
Қазақстандық социологтар елдегі орта таптың үлесін 65 пайыздан бастап 20 пайызға дейінгі аралықта қарастырады. Мамандар осы аралықтағы меженің бірін орта тап көрсеткіші деп анықтау үшін өзінің әртүрлі критерийлерін ұсынып келеді. Олардың қайсысы қоғамның объективті көрінісі екендігін дөп басып айту оңай емес. Бірақ осы есептеулердің өзінің бір заңдылығы бар екен.
«Damu» маркетингтік және социологиялық зерттеулер агенттігінің директоры Тимур Айсауытовтың пікірінше, «Қазақстанда орта тапты бағалаудың критерийлерін анықтау ісінде қос стандарт қалыптасқан: біріншісі – ресми биліктің мүддесін көздейді; екіншісі – оған балама болатын нұсқа. Яғни, біздің орта тапқа қатысты зерттеуіміз де осы екі стандарттардың ара қатынасына құралады.
ОРТА ТАП КӨРСЕТКІШІ РЕСМИ ЕСЕП БОЙЫНША
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы «Файнэншл Таймс» газетіне берген бір сұхбатында орта тапқа ерекше ден қойғандығын былайша сипаттапты: «Біз қазір жоғарыда 10-15 пайыз байлар, төменде, мүмкін, 10-15 пайыз кедейлер, мына жерінде (ортасы) орта тап (60-70 пайыз) болатын қоғам құрғымыз келеді».
Ресми стандарт президент Назарбаевтың жоғарыда айтып өткен жоспарындағы көрсеткіштерді дәлме-дәл қайталайды (1 диаграмманы қараңыз). Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, Қазақстанда ресми стандарт бойынша орта тап мынадай критериймен анықталады: тамақ, киім-кешек, жеке меншік үй немесе пәтер, көлік, сондай-ақ білім дәрежесі, медициналық қызмет.
Яғни, ресми стандартқа сай келетін орта таптың осы қажеттіліктерді кез-келген уақытта шешуге мүмкіндігі бар болуы керек. Айсауытовтың есептеуі бойынша, Қазақстанда осындай қажеттілікті өтей алатын бірадамның айлық табысы 500 доллардан кем болмауы тиіс.
Егер сіз отбасын асырап отырсаңыз, онда сіздің айлық табысыңыз отбасының әрбір мүшесіне бөлінгенде, әрқайсысына кем дегенде 500 доллардан жетуі тиіс деген сөз. Қазақстандық өлшем бойынша айлық табысы бір адамға шаққанда 1000 доллардың шамасындағылар орта таптан жоғары тапқа қарай аяқ басушылар болып есептеледі екен. Мысалы, үш баласы бар отбасының жиынтық айлық табысы 5000 доллардан кем болмауы тиіс.
Социологтың айтуынша, мұндай айлық табыстың негізінде құралған орта тап тұрғындардың басқа да көптеген қажеттіліктерін шеше алмайды. Өйткені, оның тапқан табысының ауқымды бөлігі тамақ пен тұрмысқа қажетті ұзақ мерзімдік тауарларға жұмсалады – шамамен 75 пайыз (2 диаграмманы қараңыз).
Айсауытовтың пікірінше, дәл осындай есепке құралған орта тап өкілін АҚШ-қа көшіріп апаратын болсақ, ол елде бұл кедейдің деңгейіне түсіп қалады. Өйткені аталған екі ел арасындағы сатып алу паритетінің деңгейі, сондай-ақ оны бағалау критерийлері де әртүрлі болып келеді. Сол секілді АҚШ-тың орта тап өкілін Қазақстанға көшіріп алып келетін болсақ, ол өзіне қажетті нәрсені бұл елден тіпті таппай қалуы мүмкін. Осыдан келіп Қазақстанда ресми стандартқа балама болатын ресми емес стандарт пайда болған.
ОРТА ТАП КӨРСЕТКІШІ РЕСМИ ЕМЕС ЕСЕП БОЙЫНША
Батыстың дамыған елдері қолданатын бірқатар критерийлерге негізделген ресми емес стандарттар бойынша Қазақстанның орта табының үлесі, ресми стандартқа қарағанда, бірнеше есе қысқарады. Есесіне, төменгі таптың үлесі 80 пайызға сәл жетпей тоқтайды екен (3 диаграмманы қараңыз).
Социолог Тимур Айсауытовтың пікірінше, мұндай стандартты ресми билік, сондай-ақ Қазақстан тұрғындарының өзі бірден қабылдай салуға дайын емес.
«Қазақстан халқының санасына жаңа форматты, яғни орта тап туралы Батыстың түсінігін, чип ретінде енгізетін болсақ, онда бұл жағдай тұрғындардың төбесіне жай түскендей әсер етері анық: халықтың 90 пайызына «сендер – кедейсіңдер» дегенді есту қайдан жағымды бола қойсын. Ал ресми билік мұны ешқашан айтпайтындығы түсінікті», – дейді социолог.
Халықтың басым бөлігінің өздерін кедейміз деп санамайтындығына қатысты бір социологиялық зерттеу қорытындыларын келтіре кетсек.
Қазақстанның социологтар және саясаттанушылар қауымдастығының 2004 жылдың аяғында республиканың 17 ірі қаласында жүргізген социологиялық зерттеуі барысында сұралғандардың 60 пайыздан астамы өздерін «орта тап» өкілдеріміз деп таныстырған.
Әсіресе Қостанай, Павлодар, Семей тұрғындарының 70-80 пайызы осылай деп атап көрсеткен екен. Сонымен қатар, тұрғындар медициналық қызмет, білім, экологиялық жағдай, адам құқығының сақталуы деген мәселелерге аса бас ауыртпайтындығын байқатқан.
Социологтардың пікірінше, мұндай нәтиже халық өзін «кедеймін» деп мойындауға көп жағдайда дайын еместігін, сондай-ақ жақсы өмірдің айрылмас бөлшегі саналатын элементтерді қолдың қысқалығынан немесе мүмкіндіктің жоқтығынан көзге ілмейтіндігін көрсетеді. Оның себебін ресми емес стандартты қолдайтын мамандар орта таптың үлес салмағы Қазақстанда аз екендігімен түсіндіреді.
Социолог Айсауытовтың айтуынша, мұндай өлшемнің негізінде анықталатын орта тап өкілінің айлық табысы кем деген 2000 доллар болуы тиіс. Бұл көрсеткіш тұтыну қоржынына енетін элементтердің салыстырмалы түрде көптігі және сапасына қатысты шыққан (4 диаграмманы қараңыз). Айта кетерлік жайт, дамыған елдерде айлық табысы 10 мың доллардан асатын адамдарды ғана орта тапқа жатқызады.
КОРРУПЦИЯ ФАКТОРЫ НЕМЕСЕ ОРТА ТАП ӨКІЛДЕРІ КІМДЕР?
Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, ресми стандарт негізінде анықталған орта тапқа Қазақстанда орта буын мамандары, кәсіби жұмысшы тап, коммерциялық құрылымдағылар, бюджет саласындағы менеджменттің орта буыны кіреді. Бұл ретте бюджеттік саладағы топ-менеджмент жоғарғы тапқа өтіп кететіндігін айта кету керек. Бірақ оның да белгілі бір себептері бар дейді социолог.
Оның пікірінше, бюджеттен қаржыландырылатын ортанқол мекемелердің басшыларының ресми алатын айлығын ғана есептейтінболсақ, онда олар орта тапқа іліге де алмай қалады. Сол секілді бюджеттен қаржыландырылатын ірі мекемелердің басшыларының айлық табысын ресми жалақының мөлшерімен теңестіретін болсақ, мұндай жағдайда жоғары тап санатына еніп отырған олардың қоғамдағы мәртебесі төмендеп, орта тапқа шақталып қалады екен.
Бірақ бұл жерде коррупция факторын ескермеуге болмайды дейді социолог. Оның айтуынша, сыбайласқан жемқорлық қолдағы қартаны танымастай етіп өзгертіп жібереді. Алайда ол бюджет саласындағы менеджмент өкілдерінің бәрі осы фактордың әсерінде деп айтуға болмайтындығын ескертеді, бірақ оны толықтай ешкім жоққа шығара алмайтындығын мойындайды.
Сонымен ресми емес стандарт бойынша есептелген орта тапқа Қазақстандағы топ-менеджмент қана ілігіп отыр. Коррупциядан түскен «пайданы» кері шегеріп алып тастағанда оның қатарын бюджет саласының топ-менеджменті толықтыратындығын айтып өттік.
Есесіне, бұл ортадан орта буын мамандары мен кәсіби жұмысшы табы қол үзіп, мүлде төменгі тапқа – кедейлер қатарына түсіп қалып отыр.
Биыл 8 қыркүйекте американдық «Вашингтон Таймс» газеті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Демократия өскінінің әлеуеті» атты мақаласын жариялады. Мақала авторы елдегі демократиялық дамуды тілге тиек ете отырып, Қазақстандағы орта тапқа қатысты пікірін де бір сөйлеммен білдіріп өтіпті.
«Демократиялық құндылықтарды, заң билігін, транспаренттілікті, толеранттылықты және сауда еркіндігін ұстанудың арқасында біз тұрақты мемлекет құрып, мықты әрі білімді орта тап қалыптастырдық» деп жазды президент Назарбаев.
Тимур Айсауытов, «Damu» маркетингтік және социологиялық зерттеулер агенттігінің директоры. Алматы, 1 қазан 2009 жыл.
Қазақстандық социологтар елдегі орта таптың үлесін 65 пайыздан бастап 20 пайызға дейінгі аралықта қарастырады. Мамандар осы аралықтағы меженің бірін орта тап көрсеткіші деп анықтау үшін өзінің әртүрлі критерийлерін ұсынып келеді. Олардың қайсысы қоғамның объективті көрінісі екендігін дөп басып айту оңай емес. Бірақ осы есептеулердің өзінің бір заңдылығы бар екен.
«Damu» маркетингтік және социологиялық зерттеулер агенттігінің директоры Тимур Айсауытовтың пікірінше, «Қазақстанда орта тапты бағалаудың критерийлерін анықтау ісінде қос стандарт қалыптасқан: біріншісі – ресми биліктің мүддесін көздейді; екіншісі – оған балама болатын нұсқа. Яғни, біздің орта тапқа қатысты зерттеуіміз де осы екі стандарттардың ара қатынасына құралады.
ОРТА ТАП КӨРСЕТКІШІ РЕСМИ ЕСЕП БОЙЫНША
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы «Файнэншл Таймс» газетіне берген бір сұхбатында орта тапқа ерекше ден қойғандығын былайша сипаттапты: «Біз қазір жоғарыда 10-15 пайыз байлар, төменде, мүмкін, 10-15 пайыз кедейлер, мына жерінде (ортасы) орта тап (60-70 пайыз) болатын қоғам құрғымыз келеді».
Ресми стандарт президент Назарбаевтың жоғарыда айтып өткен жоспарындағы көрсеткіштерді дәлме-дәл қайталайды (1 диаграмманы қараңыз). Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, Қазақстанда ресми стандарт бойынша орта тап мынадай критериймен анықталады: тамақ, киім-кешек, жеке меншік үй немесе пәтер, көлік, сондай-ақ білім дәрежесі, медициналық қызмет.
Яғни, ресми стандартқа сай келетін орта таптың осы қажеттіліктерді кез-келген уақытта шешуге мүмкіндігі бар болуы керек. Айсауытовтың есептеуі бойынша, Қазақстанда осындай қажеттілікті өтей алатын бір
Қазақстандық өлшем бойынша айлық табысы бір адамға шаққанда 1000 доллардың шамасындағылар орта таптан жоғары тапқа қарай аяқ басушылар болып есептеледі.
Егер сіз отбасын асырап отырсаңыз, онда сіздің айлық табысыңыз отбасының әрбір мүшесіне бөлінгенде, әрқайсысына кем дегенде 500 доллардан жетуі тиіс деген сөз. Қазақстандық өлшем бойынша айлық табысы бір адамға шаққанда 1000 доллардың шамасындағылар орта таптан жоғары тапқа қарай аяқ басушылар болып есептеледі екен. Мысалы, үш баласы бар отбасының жиынтық айлық табысы 5000 доллардан кем болмауы тиіс.
Социологтың айтуынша, мұндай айлық табыстың негізінде құралған орта тап тұрғындардың басқа да көптеген қажеттіліктерін шеше алмайды. Өйткені, оның тапқан табысының ауқымды бөлігі тамақ пен тұрмысқа қажетті ұзақ мерзімдік тауарларға жұмсалады – шамамен 75 пайыз (2 диаграмманы қараңыз).
Айсауытовтың пікірінше, дәл осындай есепке құралған орта тап өкілін АҚШ-қа көшіріп апаратын болсақ, ол елде бұл кедейдің деңгейіне түсіп қалады. Өйткені аталған екі ел арасындағы сатып алу паритетінің деңгейі, сондай-ақ оны бағалау критерийлері де әртүрлі болып келеді. Сол секілді АҚШ-тың орта тап өкілін Қазақстанға көшіріп алып келетін болсақ, ол өзіне қажетті нәрсені бұл елден тіпті таппай қалуы мүмкін. Осыдан келіп Қазақстанда ресми стандартқа балама болатын ресми емес стандарт пайда болған.
ОРТА ТАП КӨРСЕТКІШІ РЕСМИ ЕМЕС ЕСЕП БОЙЫНША
Батыстың дамыған елдері қолданатын бірқатар критерийлерге негізделген ресми емес стандарттар бойынша Қазақстанның орта табының үлесі, ресми стандартқа қарағанда, бірнеше есе қысқарады. Есесіне, төменгі таптың үлесі 80 пайызға сәл жетпей тоқтайды екен (3 диаграмманы қараңыз).
Социолог Тимур Айсауытовтың пікірінше, мұндай стандартты ресми билік, сондай-ақ Қазақстан тұрғындарының өзі бірден қабылдай салуға дайын емес.
«Қазақстан халқының санасына жаңа форматты, яғни орта тап туралы Батыстың түсінігін, чип ретінде енгізетін болсақ, онда бұл жағдай тұрғындардың төбесіне жай түскендей әсер етері анық: халықтың 90 пайызына «сендер – кедейсіңдер» дегенді есту қайдан жағымды бола қойсын. Ал ресми билік мұны ешқашан айтпайтындығы түсінікті», – дейді социолог.
Халықтың басым бөлігінің өздерін кедейміз деп санамайтындығына қатысты бір социологиялық зерттеу қорытындыларын келтіре кетсек.
Қазақстанның социологтар және саясаттанушылар қауымдастығының 2004 жылдың аяғында республиканың 17 ірі қаласында жүргізген социологиялық зерттеуі барысында сұралғандардың 60 пайыздан астамы өздерін «орта тап» өкілдеріміз деп таныстырған.
Әсіресе Қостанай, Павлодар, Семей тұрғындарының 70-80 пайызы осылай деп атап көрсеткен екен. Сонымен қатар, тұрғындар медициналық қызмет, білім, экологиялық жағдай, адам құқығының сақталуы деген мәселелерге аса бас ауыртпайтындығын байқатқан.
Социологтардың пікірінше, мұндай нәтиже халық өзін «кедеймін» деп мойындауға көп жағдайда дайын еместігін, сондай-ақ жақсы өмірдің айрылмас бөлшегі саналатын элементтерді қолдың қысқалығынан немесе мүмкіндіктің жоқтығынан көзге ілмейтіндігін көрсетеді. Оның себебін ресми емес стандартты қолдайтын мамандар орта таптың үлес салмағы Қазақстанда аз екендігімен түсіндіреді.
Социолог Айсауытовтың айтуынша, мұндай өлшемнің негізінде анықталатын орта тап өкілінің айлық табысы кем деген 2000 доллар болуы тиіс. Бұл көрсеткіш тұтыну қоржынына енетін элементтердің салыстырмалы түрде көптігі және сапасына қатысты шыққан (4 диаграмманы қараңыз). Айта кетерлік жайт, дамыған елдерде айлық табысы 10 мың доллардан асатын адамдарды ғана орта тапқа жатқызады.
КОРРУПЦИЯ ФАКТОРЫ НЕМЕСЕ ОРТА ТАП ӨКІЛДЕРІ КІМДЕР?
Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, ресми стандарт негізінде анықталған орта тапқа Қазақстанда орта буын мамандары, кәсіби жұмысшы тап, коммерциялық құрылымдағылар, бюджет саласындағы менеджменттің орта буыны кіреді. Бұл ретте бюджеттік саладағы топ-менеджмент жоғарғы тапқа өтіп кететіндігін айта кету керек. Бірақ оның да белгілі бір себептері бар дейді социолог.
Оның пікірінше, бюджеттен қаржыландырылатын ортанқол мекемелердің басшыларының ресми алатын айлығын ғана есептейтін
Ресми емес стандарт бойынша есептелген орта тапқа Қазақстандағы топ-менеджмент қана ілігіп, орта буын мамандары мен кәсіби жұмысшы табы кедейлер қатарына түсіп қалып отыр.