ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ СҰРАПЫЛ КҮН
Осыдан 8 жыл бұрын мұхиттың ар жағында болған жантүршігерлік шабуылда құрбан болғандардың арасында Қазақстанның азаматы Жаннетта Цойдың да өмірі қиылды. 2001 жылы қыркүйектің 11-і күні Нью-Йоркте жасалған террорлық шабуылдан кейінгі алғашқы ақпараттарда қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ деп хабарланған еді. Бірақ Жаннеттаның қайда жұмыс істейтіндігін білетін ата-анасы жалғыз қыздарының тағдырына қатты алаңдаған еді.
Көпке дейін Жаннеттаның есімі не тірілердің, не өлгендердің тізімінен кезікпеді. Ата-анасы мен жұбайы соңғы сәтке дейін Жаннетта тірі шығар деген үміттерін үзбеді. Бірақ, арада 7 ай өткенде үміт біржола үзілді, сұрапыл шабуылдан қалған жердегі денелерге жасалған сараптама қортындысы Жаннеттаның да қаза болғанын анықтады.
– Әдетте, бәріне уақыт емші деп жатады ғой, бірақ 8 жыл өтсе де біздің қайғымыз тарқаған жоқ. Мүмкін, бұл біз үшін өте ауыр қаза болған соң шығар, бірақ жан жарасы жазылар емес. Теледидардан немесе газеттерден оқып, естігенде сол бір күнгі оқиға кеше ғана болғандай, қайта-қайта көз алдыма келеді, – дейді Жаннеттаның әкесі Валентин Цой Азатттық тілшісіне.
ЖАҢА ЖҰМЫСТАҒЫ ЕКІНШІ КҮН ЕДІ...
Раиса мен Валентин Цойлардың жалғыз қызы Жаннетта тірі болғанда бүгінде 40 жасқа келер еді. Алайда әке-шешесі, туыстары мен достарының есінде Жаннетта мәңгі жас кейпінде қалды. Валентин Цойдың айтуынша, Жаннетта «жасыл карта» деп аталатын иммиграциялық визаны ұтып алған соң оған АҚШ еліндегі үш қаланың – Лос-Анжелес, Нью-Йорк және Сан-Францисконың бірін таңдау ұсынылыпты. Жаннетта болса өзі Қазақстанда жұмыс істеген компанияның бас кеңсесі орналасқан Нью-Йорк қаласын таңдапты.
Әуелгіде ата-анасы қыздарының бұл шешіміне қарсы болғанымен, Жаннетта өзінің кішкентай баласының болашағы үшін жақсы елде өмір сүргісі келетіндігін айтқан соң оның айтқанына көніпті.
– Шындығында, оған өмірде сирек кездесетін сәтті мүмкіндік берілген еді. Грин-картты ұтып алды, өзі жұмыс істеп жүрген компаниясы оны Нью-Йорктағы бас кеңсесіне жұмысқа шақырды. Мұндай мүмкіндікті неге пайдаланбасқа? Бірақ, көрмейсіз бе, тағдырдың тәлкегі қалай боғанын, – дейді Валентин Цой.
Жаннетта Қазақстанда жұмыс істеген компания оны Нью-Йорктегі бас кеңсесіне ауыстырды, ол жаңа орнындағы жұмысқа 17 қыркүйекте кірісуі керек еді. Бірақ компания одан жұмысқа сәл ертерек, 10 қыркүйектен бастап шығуды өтінді. Егер ол жұмысқа дәл өз уақытында шыққанда тірі қалар ма еді... Сол бір сұрапыл күн оның жаңа жұмыстағы екінші күні болатын, оның үлкен арманы орындалған күннің ертесі еді.
Сол күні Жаннетта кеңсесі Әлемдік сауда орталығы ғимаратында орналасқан «Марш» компаниясына жұмысқа шықты. Арада ондаған минуттар ғана өткенде Нью-Йорктегі аспанмен таласқан әйгілі қос ғимаратқа «Әл-Қаида» террористері ұрлап әкеткен екі үлкен ұшақ бірінен соң бірі келіп соғылды. Қастандық құрбаны болған мыңдаған жазықсыз жанның арасында Жаннетта Цой да қаза тапты.
Сол күні Жаннеттаны жұмысқа күйеуі Вячеслав Лигай шығарып салған еді. Шабуыл жасалысымен алғашқы минуттарда Жаннеттаның ата-анасы күйеу баласына телефон шалғанымен тұтқаны ешкім көтермеді. Тек үшінші күні ғана ол қайын жұртына Жаннеттадан әлі күнге хабар жоқ екендігін жеткізді.
«11 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЖАННЕТТАНЫҢ ЗИРАТЫНА БАРАТЫНБЫЗ»
Жаннеттаның артында ері Вячеслав кішкентай қызы Александрамен қалды. Қазір олар Америкада тұрады. Бұл күнде Александра спортқа бейім болып есейіп келеді. Ол әкесімен бірге 11 қыркүйекте Қазақстанға келіп, осындағы туған-туыстарымен бірге марқұм анасын еске алғысы келген еді. Бірақ бұл жолы олар келе алмады.
– Біз оны көрмегелі төрт жылдың жүзі болды. Соңғы көргенімде ол менімен бірге отырды да, кенеттен: «Мамама барғым келеді» деген еді. Сол жолы біз оны алып зиратқа бардық. Жақында ол бізге телефон шалып, 11 қыркүйекте анасының басына барғысы келетінін айтты. Біз жыл сайын 11 қыркүйекте қызымыздың зиратына баратынбыз. Бірақ, міне бесінші жыл болды, қаржы тапшылығынан ол жаққа баруға шамамыз жетпей отыр, – дейді Жаннеттаның анасы Раиса Цой.
Арада сегіз жыл өтсе де, Раиса Цойға қызы бір жаққа уақытша жол жүріп кеткендей көрінеді, анасы қызы қайта келіп қалатындай тосады. Егер мүмкіндігі болса, ол Америкаға көшіп баруға да қарсы емес, сонда қызының зиратына жиірек барып тұрар еді.
– Біз қызымызды Америкаға – әлемдегі озық елге жібердік қой, ал ол сол елде қаза тапты. Балаңды жерлеу деген – өте ауыр, құдай оны ешбір ата-ананың басына бермесін, – дейді Раиса Цой.
11 қыркүйек 2001 жылы АҚШ-та болған террорлық шабуылдар мыңдаған адамның өмірін жалмады.